Юлия Путинцева "Аделаида" турнирінің екінші айналымына шықты

0
2 679

Юлия ширек финалға шығу үшін рейтингте 292-сатыдағы аустралиялық Сторм Сэндерспен таласады.


Юлия Путинцева

ERNUR.KZ. Қазақстандық, әлемнің 28-ракеткасы Юлия Путинцева Аделаида (Аустралия) турнирінің екінші айналымына шықты, деп жазады olympic.kz.

Осы жарыстың 7-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингте 54-орында тұрған германиялық Лаура Зигемундпен кездесті. Бірінші партияда Ю.Путинцева брейк жасап, жеңіске жете алды – 6:4. Екінші сетте есеп 2:1 болған мезетте қазақстандық теннисші брейкке қол жеткізді.

Алайда Л.Зигемунд сол бойда қарымта қайырып, таразы басын теңестірді – 3:3. Дегенмен Ю.Путинцева матчты тағы бір брейкпен бітірді – 6:4. Біршама тартысты өткен бәсеке 1 сағат 49 минутқа созылды.

Юлия ширек финалға шығу үшін рейтингте 292-сатыдағы аустралиялық Сторм Сэндерспен таласады.