Алғашқы ойындардан-ақ сайыстың тартысты өтетіні байқалып тұр. Қаламы жүйрік журналистер доп додасына да сақадай-сай дайындықпен келіпті.
Бүгін Түркістан облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен Түркістан қаласында шағын футболдан БАҚ өкілдері арасында "Жаңарған Түркістан" атты республикалық турнир басталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Жарысқа Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен БҚО, Жамбыл, Қызылорда, Алматы, СҚО және Түркістан облысының журналистерінен құралған 13 команда келіп, бақ сынасуда.
Турнирдің ашылуында "Қазақ газеттері" ЖШС бас директоры Шәмшиддин Пәттеев, Түркістан облысы ішкі саясат басқармасының басшысы Бейсенбай Тәжібаев спортшы қауымға сәттілік тілеп, әділ де қызықты ойын өтетініне сенім білдірді.
Алғашқы ойындардан-ақ сайыстың тартысты өтетіні байқалып қалды. Қаламы жүйрік журналистер доп додасына да сақадай-сай дайындықпен келіпті.
Айта кетейік, футбол жарысына қызығушылық білдірген БАҚ өкілдері еліміздің әр облысы мен қаласынан жиналып, күні кеше «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Түркістан облысының киелі орындарын аралап, көне Отырар қалашығының шежірелі тарихымен танысқан болатын.
Сондай-ақ республикаға танымал ірі кәсіпорындардың өмірімен танысып, даңқты боксы Б. Саттарханов атындағы бокстан халықаралық турнирдің ақтық мәресіне қатысты.
Дереккөз: Түркістан облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі