Кездесу нәтижесінде Әлімханұлы төрешілердің бірыңғай шешімімен жеңіске жетті.
ERNUR.KZ. Жәнібек Әлімханұлына 2022 жылдың 13 қазанына дейін жекпе-жек өткізуге тыйым салынды, деп жазады stan.kz.
Орта салмақта WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (13-0, 8 КО) 13 қарашада Лас-Вегаста британиялық Дензель Бентлимен (17-2-1, 14 КО) жұдырықтасып, чемпиондық белбеуін қорғаған еді.
Кездесу нәтижесінде Әлімханұлы төрешілердің бірыңғай шешімімен жеңіске жетті.
Жекпе-жектен соң Невада штатының Атлеттік комиссиясы боксшыларға бірнеше шектеу қойды. Оған сәйкес Әлімханұлы 13 желтоқсанда, Бентли 28 желтоқсанда рингке қайта орала алады. Бұл спортшылардың қайта қалпына келуіне арналған.