Жапония әйелдер құрамасы үстел теннисінен Азия чемпионы атанды

0
130

Финалдық сайыста Қытай құрамасы мен Жапон құрамасы кездесті.


Жапония әйелдер құрамасы үстел теннисінен Азия чемпионы атанды

Фото: Қазақстан үстел теннис федерациясы

ERNUR.KZ. Астанада өтіп жатқан үстел теннисінен Азия чемпионатында әйелдер арасындағы командалық бәсеке өз мәресіне жетті, деп жазады inform.kz.

Финалдық сайыста Қытай құрамасы мен Жапон құрамасы кездесті.

Жапондық қыздар мықты қарсыластарын 3:1 есебімен жеңіп, Азия чемпионы атанды. Ал жартылай финалда жапондықтардан жеңілген Үндістан құрамасы қола медаль иеленді.
Қазақстан әйелдер құрамасы екінші группада Оңтүстік корея мен Моңғолия құрамасына жол берді. Сондай-ақ, қазақстандық қыздар Өзбекстан мен Иран әйелдер құрамасынан жеңіліп, 14-орыннан көрінді.

Айта кетейік, Қазақстан ерлер командасы 7-8 орын үшін сайыста Иранды 3:1 есебімен жеңіп, ширек финалда Үндістанға жол берген болатын.