«Жарыстарға қатыса алмайды»: боксшы Махмұд Сабырхан тамақтан уланып қалды

0
275

​Бұл туралы бокс федерациясы мәлім етті


«Жарыстарға қатыса алмайды»: боксшы Махмұд Сабырхан тамақтан уланып қалды

Фото: instagram.com/boxingkazakhstan/

ERNUR.KZ. Әуесқой боксшы Махмұд Сабырхан Болгарияда өтіп жатқан «Странджа» турнирінде жұдырықтаса алмайтын болды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Бокс федерациясының мәліметіне сүйенсек, дәрігердің шешіміне сай, 54 келі салмақтағы боксшы Странджа халықаралық турниріндегі бүгінгі жекпе-жегіне шықпайтын болды.

«Тағам инфекциясы. 3 наурызға дейін жарыстарға қатыспайды», - деп хабарлайды федерация дәрігердің анықтамасындағы диагнозды ұсына отырып.

Айта кетейік, 24 ақпан мен 2 наурыз аралағында Болгарияда «Странджа» Халықаралық турнирі өтеді.