Жеңіл атлетикадан әлем чемпионатында Қазақстан нешінші орынды иеленді

0
669

Жарыс қорытындысы бойынша АҚШ құрамасы медальдық есепте бірінші орынды иеленді – 33 медаль (13 алтын, 9 күміс, 11 қола).


Жеңіл атлетикадан әлем чемпионатында Қазақстан нешінші орынды иеленді

ERNUR.KZ. Юджинде (АҚШ-тың Орегон штаты) жеңіл атлетикадан 2022 жылғы әлем чемпионаты өтті, деп жазады Stan.kz.

Жарыс қорытындысы бойынша АҚШ құрамасы медальдық есепте бірінші орынды иеленді – 33 медаль (13 алтын, 9 күміс, 11 қола). Екінші орынды эфиопиялық спортшылар – 10 (4.4.2), үшінші орынды Ямайка – 10 (2.7.1) иеленді.

Қазақстан өзге жеті елмен бірге 22-орынды бөлісті. Ұлттық құраманың қоржынында бір алтын бар. Оны 3000 метрге кедергі арқылы жүгіру жарысында Нора Джеруто жеңіп алды.