Жүлде алған спортшылар медальді мойнына өзі тағады

0
883

ХОК басшысы дәстүрге айналған салтанатты іс-шарада өзгеріс болғанын айтты.


Жүлде алған спортшылар медальді мойнына өзі тағады

ERNUR.KZ. Токио Олимпиадасында жүлде алған спортшыларды коронавирус ахуалына байланысты медальді өздері тағады, деп жазады 24.kz.

ХОК басшысы дәстүрге айналған салтанатты іс-шарада өзгеріс болғанын айтты. Мұндай қадамға баруға коронавирусқа қарсы шараны күшейту үшін мәжбүр болған. Әдетте марапаттау рәсіміне қатысатын ХОК өкілдері мен құрметті қонақтар дезинфекцияланған қолғап киім, маска тағады.

Спортшылар болса арнайы ыдыстан медальді өздері алады. Бұған дейін бірнеше халықаралық жарыстарда осылай болған еді. Сондай-ақ салтанатты іс-шараға қатысушылар маска тағуға міндеттелді.

Олимпиада ойындарының медалі 6 миллионға жуық өңделген электронды құрылғыдан жасалады. Токио-2020 ұйымдастыру комитеті медальдарды қоршаған ортаға зиянсыз болатындай өңделген кіші көлемді электронды құрылғылардан жасайтынын 2017 жылдың ақпан айында мәлімдеген.

Сол уақыттан бері Жапонияның түкпір-түкпірінен тұрғындар қажетсіз ноутбук, цифрлық фотоаппарат, смартфондар мен ұялы телефондарын өткізе бастаған.

Нәтижесінде жиналған 80 000 тонна өнімнен 5000 алтын, күміс және қола медальдары жасалады. Медальдың бет жағында Токио Олимпиадасының эмблемасы орналасқан, ал артында ежелгі грек мифологиясындағы жеңіс құдайы бейнеленген. Ал медаль лентасында жапон мәдениетіне сай түстер мен өрнектер қолданылған. Авторы – жапондық дизайнер Дзюнъити Каваниси. 2020 жылғы жазғы Олимпиада ойындары 24 шілде мен 9 тамыз аралығында өтеді. Бұл – Жапонияда өтетін төртінші Олимпиада ойындары.