Голливуд жұлдыздары бұл әдісті жиі пайдаланады.
"Сымбатыңызды сақтағыңыз келсе күніне екі литр су ішіңіз" деген кеңесті талай жерден естіген боларсыз. Әрине, жақсы кеңес! Бірақ оны есептеп ішетіндер өте аз, сондықтан оның пайдасын айтатындар да сирек...
Бетіңіздің терісін тегістейді. Иә, газдалған суға бетіңізді бірнеше секундқа салып алсаңыз, қара дақтар туралы ұмыта беруге болады. Себебі газдалған су бетке пилинг сияқты әсер беретін көрінеді. Әжімдердің де азаюуына ықпал етіп, қартаюды тежейді.
Бетке арналған маскілермен бірге қолданыңыз. Ғаламтордан бетке арналған маскілердің түр-түрін тауып алуға болады. Олардың көпшілігіне су қосатыны да белгілі, келесі де соның орнына газды суды қосыңыз.
Мысалы қарапайым ғана маскінің бірі: балшыққа минералды су араластырыңыз, 20 минуттан кейін газдалған сумен жуу. Бұл әдіс беттегі дақтар мен тыртықтардың жойылуына көмектеседі.
Шашыңызды газдалған сумен жуып көріңіз. Қарапайым ауыз судың орнына газдалған сумен шашыңызды жусаңыз жылтырап, жұмсақ бола бастайды. Одан бөлек майлана беретін шаштарды емдейді. Егер жуу қиынға түседі десеңіз, жәй ғана шашқа арналған спрейлердің орнына шашқа сеуіп жүріңіз.
Қыздарға әсемдік жарасады. Әсемдікті арттыру өзіміздің қолымызда екенін ескеріп, жалқаулықты жиып күтіңімізге көңіл бөліңіз.
Фото: novate.ru
Автор: @karashash_esenbay