​ТЕРІңізді ылғалдандыратын ТАБИҒИ ӨНІМДЕР

0
3 501

Бұл өнімдерді кез келген уақытта табуға болады.


​ТЕРІңізді ылғалдандыратын ТАБИҒИ ӨНІМДЕР

Терінің сұлулығы мен саулығы көбінесе оның ылғалдылық деңгейіне байланысты. Яғни, бет терісі құрғақ болса, түрлі проблемаларға тап боласыз. Тері тез тозады, әжім ерте түседі. Нәтижесінде өз жасыңыздан әлдеқайда үлкен көрінесіз.

Егер тері жасушаларында ылғал аз болса, ең қымбат күтім косметикасы да пайда әкелмейді. Сондықтан, қымбат косметика сатып алмастан бұрын терінің күйін жақсартып алғаныңыз жөн. Ол үшін теріні табиғи түрде ылғалдандыратын өнімдерді қабылдаңыз.

Бетіңізге нәр беретін, ылғалдылықты арттыратын өнімдермен маска жасап тұрсаңыз, аз уақытта-ақ нәтижесін көре бастайсыз.



1) АЛОЭ ШЫРЫНЫ

Алоэ жапырағының 2-3 данасын алып, жақсылап жуыңыз. Оның шырынын сығып алыңыз. Осы шырыннан 2-3 ас қасығын алдын ала бөлініп алынған жұмыртқаның ақуызына (белок) қосыңыз. Компоненттерді мұқият араластырып, тазартылған бет терісіне жағыңыз.

15 минуттан соң құбыр суымен жуып тастаңыз.



2) ТҮЙМЕДАҚ

2 ас қасық құрғақ түймедақты (ромашка) стакандағы қайнаған суға салыңыз. Ол салқындаған кезде, суын сүзіп алыңыз. Суды төгіңіз, бізге тек түймедақ тұнбасы қажет болады.

1 ас қасық зәйтүн майын (оливка) аздап қыздырыңыз. Оны түймедақ тұнбасы мен 2 шай қасық алоэ шырынымен жақсылап араластырыңыз. Қоспа дайын болған соң, бетіңізге жағып, 20 минутқа қалдырыңыз. Уақыт өткен соң жылы сумен жуып тастаңыз.



3) КАРТОП пен ЖҰМЫРТҚАның САРЫуызы

1 дана шағын картопты қабығымен бірге қайнатып алыңыз. Піскен картоптың қабығынан тазартып, жылы сүтке салып езіңіз. Қоймалжың қалыпқа ену үшін картоптың көлеміне қарай сүтті де аз-аздан құйып отырсаңыз болады.

Оның үстінен жұмыртқаның тек қана сарыуызын салып араластырыңыз. Мейлінше түйіршіктер қалмайтындай етіп езіп, теріге жағыңыз.

Бетіңізге жаққан соң 20 минут ұстау керек. Одан кейін әдеттегідей жылы сумен жуып тастайсыз.


4) ҚИЯР

Балғын қиярды қабығынан аршып, ботқа секілді күйге енгенше өте ұсақ етіп тураңыз, содан кейін електен өткізіңіз. Бізге керегі қоймалжың массасы. Ал қиярдың қалған суын лосьон ретінде пайдалануыңызға болады немесе мұздатқышқа салып, қатырып қойыңыз. Керек кезінде алып қолдана бересіз.

Немесе қияр сөлінің өзін де қолдануға немесе басқа компоненттермен біріктіруге болады. Мысалы: қаймақ, айран, жұмыртқаның сарыуызы немесе балық майымен біріктіріп, керемет маска жасауға болады.
Терінің күйін жақсарту үшін, жас әрі жарқын ету үшін оған белсенді ылғалдандыру қажет!

Дайындаған: Г. Жұмаділдаева,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


АЗИЯЛЫҚ МАКИЯЖды 20 МИНУТТА жасауға болады

ЖАҢА ЖЫЛдан бастап ЕҢ СҰЛУ болуға арналған ЖОСПАР