Тег: жаңалықтар

Мексикада бомба жарылып, 11 адам жарақат алды

​Оның екеуі полиция қызметкері.

2026 жылғы тамызда инфляцияның баяулауы жалғасты

Инфляцияның баяулауына негізгі үлесті азық-түлік тауарлары бағасының өсу қарқынының төмендеуі қамтамасыз етуді жалғастыруда.

Украиналық 44 бала жазғы демалысын Қазақстанда өткізді

Қазақстанның Украинадағы елшілігі сапардың негізгі мақсаты балалардың күш жинап, тыныш әрі жайлы ортада уақыт өткізуіне жағдай жасау болғанын атап өтті.

2028 жылы Көшпенділер ойындары Татарстанда өтеді

Бұл туралы Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров Бішкекте VI Көшпенділер ойындарының ашылу рәсімінде мәлімдеді.

СҚО-да мүгедектігі бар балаларды оңалтуды бақылауға арналған цифрлық күнделік сынақтан өтеді

Солтүстік Қазақстан облысында үй жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет алатын мүгедектігі бар балаларды сүйемелдеудің жаңа тәсілін сынақтан өткізу жоспарланып отыр.

Қызылорда облысында құны 1 млрд теңге болатын күріш өңдеу зауыты іске қосылды

Өңірде орналасқан «Абзал и К» компаниясы заманауи автоматтандырылған күріш өңдеу зауытын ашты.

Жаңа оқу жылы: Қазақстанда 57 жаңа мектеп ашылды

Жаңа мектептердің ең көбі Алматы қаласында, Батыс Қазақстан, Алматы, Қарағанды, Ақтөбе және Түркістан облыстарында ашылды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысты

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, ширек ғасырда Шанхай ынтымақтастық ұйымы «Шанхай бестігінен» бастап Еуразияның үлкен бөлігін қамтитын және адамзаттың жартысына жуығын біріктіретін ірі халықаралық ұйымға айналды.

eGov-та жаңа қызмет: Ауруханаға шұғыл түскен жағдайда жақындарыңызға бірден хабар беріледі

​Қазақстанда азаматтар ауруханаға шұғыл түскен жағдайда олардың жақындарына SMS арқылы хабар беретін жаңа сервис іске қосылды.