Тег: жаңалықтар

Сенат ТМД елдеріндегі санитариялық қорғауға қатысты Заңды мақұлдады

Заңның негізгі мақсаты - 2021 жылғы 28 мамырда Минск қаласында қол қойылған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің аумақтарын санитариялық қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау.

"Ақшадан қиналып кетті": Атырау облысында өзін өртеп жіберген ер адам көз жұмды

Доссорда өзін өртеп жіберген 62 жастағы Біржан Баетов үш күн жансақтау бөлімінде жатып, сол күйі есін жимады.

Маңғыстауда оқушыларды таяқпен тәртіпке салған мұғалім жұмыстан босатылды

Ол сынып ішін аралап, біртіндеп ұл балалардың алақанынан ұрған.

Балаева "Қазақфильм" төңірегінде шыққан дауға қатысты мәлімдеме жасады

"Қазақфильмнің" жалақы бойынша қызмерлеріне берешегі бар.

Алматыдағы 7 жасар қыздың өліміне қатысты іс: өгей шешесі өз нұсқасын айтты

Қыздың өгей шешесі әрі өзін қоғам белсендісі ретінде көрсететін Балжан Тұрлыбекова азаматтық некедегі күйеуін айыптады.

Қазақстанда алғаш рет балалар ауруханасында ойын алаңы ашылды

Науқас балалардың 70 пайызы — шұғыл, ал, 30 пайызы — жоспарлы емделу мақсатында түседі.

Қазақстан Президенті ресми сапармен Италияға барды

Қасым-Жомарт Тоқаев Италия Президенті Серджо Маттарелламен, Премьер-министр Джорджа Мелонимен келіссөздер жүргізеді.

Бишімбаев ісіндегі жаңа мәлімет: "Қинау" қылмыстық бабы не туралы?

Кеше экс-министр Қуандық Бишімбаевқа Қылмыстық кодекстің 110-бабы 2-бөлігі ("Қинау") бойынша айып тағылғаны белгілі болды.