​ Йемендегі хуситтер тобы БҰҰ-ның 9 қызметкерін тұтқынға алды

0
372

Хуситтер қазір Йеменнің басым бөлігін бақылауда ұстайды.


​ Йемендегі хуситтер тобы БҰҰ-ның 9 қызметкерін тұтқынға алды

ERNUR.KZ. Йемендегі хусит көтерілісшілері БҰҰ-ның кем дегенде 9 қызметкерін тұтқынға алды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Ұсталғандар арасында БҰҰ адам құқықтары жөніндегі кеңсесінің, Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының қызметкерлері және БҰҰ арнайы өкілі кеңсесінің бір қызметкері бар екені хабарланды.

Қарулы топ мүшелері болып саналатын хуситтер қазір Йеменнің басым бөлігін, оның ішінде ел астанасы Сана қаласын, сондай-ақ елдің солтүстік және батыс бөліктерін бақылауда ұстайды.

Айта кетейік, хуситтердің белсенді әрекеттері Израиль мен ХАМАС арасындағы қақтығыстан кейін жиілей бастады. Олар Қызыл теңіз арқылы Израильмен байланысы бар кемелерге шабуыл жасайды.