"Аяғын айқастырып отыр": Қарағандыда ер адам қоғамдық көлікте жасөспірім қызға тиісіп, айқай шығарған

0
515


ERNUR.KZ. Қарағандыда қоғамдық көлікте ер адам жасөспрім қызға тиісіп, көлікте аяғын айқастырып отырғаны үшін жанжал шығарған. Оқиғаның видокадрлары желіде тарады, деп жазады stan.kz.

Жанжалдың бейнежазбасын қыздың анасы әлеуметтік желілерге жариялаған. Айтуынша, келеңсіз оқиға 6 маусымда қаладан Майқұдық қаласына бара жатқан автобуста болған.

"Қызымның айтуынша, ер адам автобусқа кіріп, бірден оған көз салған. 15 минуттан кейін қызым аяғын айқастырып отырғанына тиісіп “түсір аяғыңды” деп айқайлай бастаған. Қызым оның сөздеріне ұзақ уақыт жауап бермеді. Ал ол болса “саңыраусың ба” деп оған жауап бермегеніне одан сайын ашулана түскен. Қызымның аяғы ешкімге көршісіне де, орындыққа да кедергі келтірмеген. Одан бөлек автобуста қоршау болды. Ал ол болса алдағы қызға кездергі келтірді деп менің қызыма тиісе берді. Мұны естіген алдағы қыз бәрі жақсы екенін, ешкім ыңғайсыздық тудырмағанын жеткізе бастаған", - деді жасөспірімнің анасы.

Видеода өзге жолаушылардың агрессивті ер адамнан кәмелетке толмаған қызды қорғағаны да байқалады. Олар ер адамға айқайламауын, бұл қылығын қоюды өтінген.

"Ол өз-өзімен жайлы отыр, маған мүлдем кедергі келтіріп отырған жоқ. Сабыр етіңіз, өтініш", "Сіз оған неге айқайлайсыз? Ер адам қыз балаға ешқашан дауыс көтермеген. Қызыңыз,анаңыз жоқ па? Сен де анадан тудың. Айтатыныңды айттың ғой, неге қайталай бересің? Ұят қайда?", “Қыз балаға тек анасы ғана айтады, ер адам емес” - деген жолаушылар дауысы естіледі.

Алайда бұл ескертулерді ер адам еш назар салмай, керісінше жолаушылардың бәрімен ұрсыса бастағаны көрінеді.

“Неге айтпайды екем, елде тәртіп болуы керек”, – деген ер адам.