43 жастағы ер адам мен 13 жастағы баланы кесуге арналған құралдардың көмегімен құтқарып алды.
Ақтөбеде шатыр басып қалған көліктен екі азамат құтқарылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Екпінді желдің салдарынан Алматы ауданында қойма ғимаратының шатыры ішінара бұзылу салдарынан 2 жеңіл автокөлік зақымдалды», — делінген хабарламада.
Медициналық көмек қажет болмай шықты.