Тег: жаңалықтар

Солтүстік Қазақстан облысында «Ұлы Дала жорығы» халықаралық марафоны басталды

V дүниежүзілік көшпенділер ойынының аясында өткізілетін «Ұлы дала жорығы» халықаралық марафон-бәйгесі Лобанова ауылында бастау алды.

Қытай инвесторы Қазақстандағы астық жобаларына 7 млрд теңге инвестиция салды

Кластерді дамыту аясында тәулігіне 300 тонна ұн шығаратын диірмен салынып жатыр.

Жаңа оқу жылында 500 мыңнан астам бала мемлекеттен қолдау алды

Жергілікті атқарушы органдардың мәліметі бойынша, өтініш бергендердің 100 пайызы мемлекеттен қаржылай көмек алған.

Мұнайдың әлемдік бағасы күрт төмендеді

WTI мұнайының қазандағы фьючерстері 5,85 пайызға арзандап, барреліне 69,94 доллар болды.

Жаңа жылдан бастап асыраушысынан және еңбек қабілетінен айырылғандар жәрдемақысы өседі

Құжат 17 қыркүйекке дейін қоғам талқысында болады.

Олимпиада, Паралимпиада және ұлттық спорт түрлері қайта қарастырылады

Вице-премьердің айтуынша, спортқа бөлінетін қаржыны нәтижелі әрі тиімді пайдалану үшін қаржыландырудың жан басына шаққандағы нормативі енгізіледі.

Қазақстанда Amazon интернеті пайда болады – Цифрлық даму министрі

Жаслан Мәдиев Amazon Kuiper-ді Starlink, OneWeb аналогы деп атады.

Париж Олимпиадасынан жүлдемен оралған қазақ спортшылары тегін грант алды

Олардың есімі академияның стенд тақтасына алтын әріппен жазылады.

Қазақстанда медициналық көмектің бірыңғай пакетін қалыптастыру көзделуде

2024 жылғы 2 қыркүйекте президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында базалық мемлекеттік медициналық көмектің бірыңғай пакетін қалыптастыру қажеттігін атап өтті.

Маңғыстауда көлік өртеніп, 1 бала қаза тапты

Тағы 7 адам ауыр жарақат алды.