Семейде облыстық сот ғимаратының алдында ер адам өзін өртеп жіберді

0
220

Жергілікті пабликтер жариялаған фото және видеолардан облыстық сот ғимаратының кіреберісінде төтенше жағдай қызметтері мен полиция өкілдері жүргенін көруге болады.


Семейде облыстық сот ғимаратының алдында ер адам өзін өртеп жіберді

Фото: Видеодан скрин
ERNUR.KZ. Семей қаласында облыстық сот ғимаратының алдында ер адам өзін-өзі өртеп, қаза тапты, деп жазады Stan.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам үстіне бензин құйып, өрт қойған. Желідегі ақпаратта оқиға орнында жедел қызмет өкілдері жұмыс істеп жатқаны айтылған.

Жергілікті пабликтер жариялаған фото және видеолардан облыстық сот ғимаратының кіреберісінде төтенше жағдай қызметтері мен полиция өкілдері жүргенін көруге болады.

Абай облысының денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жедел жәрдем бригадасы белгіленген нормативтік мерзімде оқиға орнына жеткен. Алайда медицина қызметкерлері келген кезде ер адам қайтыс болғанын тіркеген.

Әзірге марқұмның кім екені және оны мұндай қадамға не итермелегені белгісіз.

Ақпаратты Абай облысының полиция департаменті растады.

"30 қазан күні сағат 17:00 шамасында Семей қаласында ер адам өз-өзін өртеп, қаза тапты. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр", – делінген полиция хабарламасында.