ӘЙЕЛІН КҮНДЕ СҮЙЕТІН ЕРКЕКТІҢ ТАБЫСЫ КӨП БОЛАДЫ

0
2 722

Сүю жақын адамыңа жақсы көретініңді білдірудің бір көрінісі.


ӘЙЕЛІН КҮНДЕ СҮЙЕТІН ЕРКЕКТІҢ ТАБЫСЫ КӨП БОЛАДЫ

Жақсы көргенімізді, құштарлықты жақындарымызға, әсіресе жарымызға ыммен жеткізудің неше түрі бар. Соның ішінде екі жанның арасындағы ең бір романитикаға толы жақындықты білдіретін белгі – сүю.

Сүюдің пайдасы

Сүю - адамдарды жақындастырып қана қоймайды, сонымен бірге сезім байланысын түзеді. Сүюдің пайдасы жайлы көптеген зерттеулер жасалып, дәлелденген. Ғалымдар сүюдің күйзеліс гормонын төмендететінін айтады. Жалпы өмір сүруді жақсартады.


Сүюдің өмір сүру мен табысқа әсері

1980-і жылдары неміс зерттеушілері жұмысқа кетерде әйелінің маңдайынан сүйіп шыққан ер-азаматтың, сүймей шыққандарға қарағанда 5 жыл ұзақ өмір сүретінін дәлелдеген.

Зерттеу нәтижелері батыс Германияның «Селекта» журналында жарияланған. Сондай-ақ екі жылдық зерттеу нәтижесінде таңертең үйден шығарда әйелін сүйген еркектің басқа ер-азаматтарға қарағанда 20-35 пайыз көп табыс табатыны белгілі болған.


Зерттеу

Германияның 110-ға жуық ер-азаматтары арнайы зерттеуге қатысқан. Қойылған сұрақ пен олардың берген жауабынан талдау жасай отырып, 87 пайыз қызметкердің ісі алға жылжып, қызметі немесе жалақысы көтерілгенін байқаған. Ол қызметкерлер күнде жұмысқа кетер уақытта жұбайын сүйіп шығатындар болған.

Сондай-ақ зерттеушілер ер-азаматтың үйден шыққанда әйелін сүймеудің себебін де анықтаған. Оның негізгі себебі - отбасындағы кикілжің, ұрыс. Мұндай жағдайда ер-азамат жұмысты көңіл күйі болмай, ашумен, жағымсыз әсермен бастайды. Ол қыңыр бола бастайды, үнемі жабырқап, тұнжырап жүреді. Ал бұл міндетті түрде жұмысқа кесірін тигізеді.


Сүюдің денсаулыққа да пайдасы бар

Жоғарыда айта кеткендей сүю жақын адамыңа жақсы көретініңді білдірудің бір көрінісі. Бір-бірін жиі сүйетін ерлі-зайыптылардың некесі берік, сенімдері арта түседі, дейді мамандар. Жай ғана сүюдің де, сүйісудің де пайдасы көп. Тек неке үшін ғана емес, денсаулыққа да тигізері мол.


Күйзеліс деңгейі төмендейді

Сүйіскен кезде кортизол гармоны төмендейді. Кортизол күйзеліске жауап береді. Жиі сүйісетін жандар көңілді жүреді және соған сай ісі де оң болады. Себебі көңілді жүрген жандар мәселені басқа жағынан қарап қабылдайды.


Салмақтың төмендеуін жылдамдатады

Сүйісу процесі зат алмасуды жылдамдатады. Нәтижесінде калорияның төмендеуі жылдам жүреді.


Әжімдер азайып, тегістеледі

Сүйіскен кезде бетте 39 бұлшықет жұмыс жасайды және қанайналым жақсарады. Терең емес әжімдер тегістеледі, терінің қартаюы баяулайды.


Ауырсынуды басады

Ғалымдарды таңқалдырған тағы бір жайт, еріннен сүйген кезде тіс, бас ауруының жылдам басылуы болған. Мұның себебі - сілекейде. Оның құрамында анестетик бар және сүйіскен кезде ағзада эндорфин гормоны бөлінеді. Мұның барлығы ауырсынуды басуға көмектеседі.


Өкпеге жаттығу

Сүйіскен кезде тыныс алу үш есеге артады. Бұл өкпе үшін ең жағымды және пайдалы жаттығу. Жаттығу ағзаны шынықтырады және өкпені аурудан қорғайды, иммунитетті көтереді.


Қанайналым жақсарады

Сүйісу кезінде жүрек жылдам соғады. Әсерінен қанайналымы жақсарып, қанқысымы қалыпты жағдайға келеді.


Жүктілік кезінде горманалды фон қалыпқа келеді

Сүйісу кезінде бөлінген гормон бүкіл ағзаға әсер етеді. Жүкті әйелдің көңілі көтеріліп жүреді. Бұл іштегі балаға өте жақсы әсер етеді.


Кариес және пародонтоз

Сілекей құрамында фосфор концентраты және кальций болады. Бұл ауыз қуысының қышқылына жақсы әсер етіп тіске қақ тұрудың алдын алады.


Иммунитет жоғарылайды

Сүйіскен кезде ерлі-зайыптылар сілекеймен алмасады. Ауыз қуысына енген бөтен адамның бактериясы иммунитетті көтереді.


Сүю пайдалы болу үшін сезім екітараптан бірдей болуы керек.


Дайындаған: Э.Базарбаева,

ERNUR.KZ.