​Альфа балалар: 2010 жылдан бастап туған балаларды ҰРУҒА БОЛМАЙДЫ

0
21 153

Әлемді осы ұрпақ сақтап қалуы мүмкін.


​Альфа балалар: 2010 жылдан бастап туған балаларды ҰРУҒА БОЛМАЙДЫ

Альфа-ұрпақ деп 2010 жылдан бері қарай дүниеге келген балалар. Олар толықтай цифрлық кеңістікте туған.

Неге дәл осы уақытта ұрпақ ауысты десеңіз, бұл уақыт – қазіргі балалардың ғаламдық цифрлануына әсер еткен IPad пен Instagram-ның пайда болған уақыты. Бұл балалар әлі тым жас болғандықтан әзірге олар туралы толық бір нәрсе айту қиын. Дегенмен ғалымдардың альфа балалар туралы біраз болжамдары бар.


  • Альфа балалар білім мен тұрмыс, демалысқа қатысты жаңа технологиялық революцияны бастан кешеді
  • Жаңа ұрпақ ерте бастан табыс табуды бастайды. Тіпті жасөспірім шақта өз-өзін қамтамасыз етуге мүмкіндігі болады
  • Цифрлық сауаттылығы ең жоғары деңгейде болады
  • Альфа ұрпақ жұмысын жиі ауыстырып отырады
  • Альфа грек алфавитінің бірінші әріпі. Соған сай альфа ұрпақ жаңа әлем құрып, экология мен ұлттық құндылықтарға дейін толықтай өзгертуі мүмкін



Альфа ұрпақтың ерекшеліктері: Олардың миллениал (1980 мен 1996жж туғандар) мен зумер (1997 мен 2010жж туғандар) ұрпақтардан айырмашылығы:


Интернеттегі өмір. Альфа ұрпақ өмір мен интернетті түбегейлі біріктіреді. Ғалымдар оларды футуролог деп атайды. Қолына гаджет ұстап өмірге келгендер әлемді цифрлы технология арқылы таниды. Олар жаялықта жатып-ақ кезінде біз білген ақпараттан он есе көп ақпарат қабылдайды.

Олар үшін уақыт пен кеңістікте шекара жоқ. Интернет арқылы басқа елде тұратын туыстарымен дәл қазіргі уақытта сөйлесе алады. Гуглдың іздеу батырмасы арқылы кез келген сұрағына дәл сол сәтте жауап таба алады.


Ғаламдық қабылдау. Қазір адамдар көп қыдыратын, саяхаттайтын болған. Ал альфа ұрпақ үшін өзге елдің тілі, жері, салт-дәстүрі өте қызық. Сондықтан келешекте бұл ұрпақ жаңа әлем құру үшін кез-келген елдің, тілдің адамдарымен тіл табысып кете алады.


Қабылдау жылдамдығы. Ақпаратты өңдеп, қорытуда бұл ұрпақ тіпті алдыңғы зумер, Z ұрпақтан асып түсетін болады. Альфа ұрпақтар бір тәулік ішінде өте үлкен көлемдегі ақпаратты қабылдай алатын қабілетке ие. Бұл балалар есейген шақта кез-келген уақытта жаңа ережелерге тез үйренеді. Себебі олар үздіксіз сабақ алуға дағдыланған. Альфалар жан-жақты білімді, ой-өрісі кең ұрпақ.

Олар бір орнында тұрғанды қаламайды. Алдыңғы ұрпақ интернетті өз қажеттіліктері үшін ғана, шектен шықпай пайдаланып үйренген. Ал альфа ұрпақ ары қарай дамығанды жақсы көреді, бір орында тұрақтап қалмайды. Альфалар өздерінің бұл әлемге не үшін келгенін және не қалайтындарын жақсы біледі.


Көпсалалы, жан-жақты. Бір ғана мамандықтың иесі болу, альфа ұрпақтар кезінде келмеске кетеді. Олар ғалымдардың болжамы бойынша әр 5 жылда бір жаңа мамандықты игеріп, иесі атанады. Болашақта альфа ұрпақ өмір сүрудің лайықты деңгейіне жетіп, дамуы үшін өте көп оқитын болады.


Ашық және төзімді. Альфа ұрпақ мейірімді, ашық келеді. Сондай-ақ олар өте төзімді. Альфа ұрпақ өздерінен 10 жыл алдын туған ұрпаққа қарағанда әлдеқайда сабырлы. Олар барлығының жайлылықта, тең дәрежеде өмір сүргенін қалайды.


Планетаға қамқорлық. Жоғарыда айтылғандай альфа ұрпақ көптеген табиғи қиындықтарға бетпе-бет келеді: ауаның, судың ластануы, кейбір жан-жануарлардың жойылуы т.б. Олар ешқандай мәселеден қашпайды. Себебі кішкентайынан бұл туралы ғаламтордан көріп-біліп өседі.


Альфа балалардың әлсіз тұстары да бар


Технологияға тәуелділік. Заманауи технологиялар тек игі іс үшін ғана пайдаланылмайды, оның зиянды тұстары да бар. Сондықтан тек қана технологияларға үйреніп, сүйеніп қалған балалар, қиын кезеңдерде, технология істен шыққанда не істерін білмей қиналып қалуы мүмкін.


Тез өзгеру. Жоғарыда айтып өткендей альфа балалар үшін мамандық ауыстыру түк мәселе болмайды. Алайда олар дәл солай достарын да, мекен-жайын да жиі әрі оңай ауыстыра салуы мүмкін.


Эмоциялық кедейлік. Альфа ұрпақ кезінде адаммен бетпе-бет сөйлесу азаяды. Бар мәселе телефон арқылы шешіледі. Бұл қазірдің өзінде орын алып жатқан жағдай. Сондықтан олардың барлық эмоциясы телефон және сондағы түрлі смайликтер арқылы көрсетіледі. Яғни шынайы өз эмоциясын көрсете алмайды.


Қажетті дағдылардың жойылуы. Альфа ұрпақ өкілдерінің қолмен жазуы өте нашар болады. Сондай-ақ ақпаратты жаттау қабілеті де жоғалады. Мұның барлығы технологиялық прогресске байланысты. Яғни қолмен жазбай-ақ ноутбук, телефонда жаза салуға болады. Ал үлкен ақпараттарды жаттағанша технологияның жадына сақтай салуға болады.


Жаңа буын өкілдерімен қалай қарым-қатынас орнату керек?

Қазіргі кезде баланы ұруға болмайтыны жайлы жиі айтылады. Алайда ата-ананың «таяғын» жеп өскен алдыңғы ұрпақ үшін бұл ақылға сыймайтын дүние. «Бір рет таяқ жейді, жылайды да, қояды» деп ойлайтынымыз анық. Бірақ қазіргі балалар басқа заманның баласы. Олар бұрынғы ескі тәсілге, тәрбиеге көне қоймайды.


Альфа ұрпақты қалай тәрбиелеген дұрыс?


Альфа-баланы тәрбиелеу кезінде ұстануға тиіс негізгі 3 ереже:

Баламен бірге болу керек. Күнделікті кез-келген жағдайда баламен ынтымақта болыңыз. Яғни айтқанды бірден ұқпадың деп дүрсе қоя берудің қажеті жоқ.

Мысалы, балаңызға «қолыңды жу» деп айтасыз, алайда ол орнынан қозғала қоймайды. Ал сіз айтқаныңызды тағы бірнеше рет қайталап ескертесіз, тіпті ашуланасыз. Бірақ бала тыңдамайды. Оның себебі сіз балаға не үшін қол жуу керектігін түсіндірмегеніңізде. Даладан келгенде қолды жуу керек. Өйткені қолыңа түрлі микробтар жұғады, одан ауырып қалуың мүмкін, деген секілді түсіндіре кету керек. Бала жауапкершілікті сезінеді, сіздің жаныңыз ашып тұрғанын түсінеді.


Өтірік айтпаңыз. Альфа ұрпақ алдай салғанға көнбейді. Сондықтан баламен жай ғана шынайы болыңыз. Өйткені олар өтірікті бірден сезеді. Бір рет алдаған соң сенімге кіру қиын болуы мүмкін.


Көп әңгімелесу. Өсіп келе жатқан жаңа буын өкілімен тең дәрежеде, яғни ересектер секілді сөйлесу керек. Олардың ойдан шығарған қияли әңгімесін, сөзшеңдігін қабылдап, тыңдай білген жөн. Баламен жиі сөйлескен сайын ол әлемді және өзін жақсы тани бастайды және өмірден не қалайтындарын ерте түсінеді.


Альфа-балалардың кезінде жоғары білім дипломы өз құндылығын жояды. Онлайн режимде алатын білім мен дағдылар ең басты орынға шығады. Сондықтан енді ғана өсіп келе жатқан ұрпаққа «келешекте кім боласың?» деген сұрақты қоймаған жөн, дейді ғалымдар. Оның орнына «мен сені дәл осы қалпыңда жақсы көрем және болашақта қандай адам болсаңда жақсы көретін боламын» деген сөздерді жиі айту қажет екен.

Бір сөзбен айтқанда альфа-балалар - ойын нақты, қысылмай ашық жеткізе алатын, тез шешім шығара білетін, шығармашылыққа бейім, қалыптасқан тұлға. Олар білімді жақсы көреді, табанды және мақсаттары айқын.


Дайындаған: Эльмира Базарбаева,

ERNUR.KZ.


Тағы оқыңыз: ТЕЗ РЕНЖІП ҚАЛАТЫН еркекке ТҰРМЫСҚА ШЫҚПАУ керек.


Балаңыз сабақ ОҚЫҒЫСЫ КЕЛМЕЙ ме? БЫЛАЙ ЖАСАҢЫЗ...