​«Бар жақсы балаларға» деген ұстаным қателік пе?

0
220

Әке мен ана өзін алаңдатқан жайттар және уайымы жайында бір-бірімен бөлісуі керек.


​«Бар жақсы балаларға» деген ұстаным қателік пе?

сихолог мамандар ұсынған ата-ана болудың, қателіксіз жақсы тәрбие берудің ережесін біле жүріңіз. Бала өмірге келген соң әрбір ана жолдасынан үлкен қолдау күтеді. Бірақ ол жайында ашық айтпайды. Бұл жерде әйел мен еркектің психологиясы екі түрлі екенін ескеру керек. Әке болған соң әр ер азаматта дағдарыс кезеңі басталады. Отбасын асырау және бала тәрбиесі жауапкершілігі арта түседі. Сондықтан мұндай кезде өзін мазалаған мәселе, ой туралы серігімен бөліскені дұрыс.


Ана рөліне шектен тыс беріліп кетпеңіз

Ана рөліне қатты беріліп кеткен жандар балаларына шектен тыс өбектеп, артық қадам жасауға мүмкіндік бермейді. Ал мұндай жағдайда өскен бала есейген кезде дәрменсіз, әлсіз болып қалады.


Балаға дербес болуға мүмкіндік беріңіз

Баланың ойлау қабілеті дене дамуымен қатар өседі. Баланың маторикасы дамыған кезде ол бәтеңкесінің бауын байлап, киініп, ойыншықтарын жинай алады. Ал аналардың көпшілігі уақыт тапшылығына салып, баланың орнына жылдам өзі істей салғанды дұрыс көреді. Нәтижесінде 14-15-ке келген бала өз төсегін дұрыстап жинауды, өзіне ас дайындауды білмей өседі. Егер бала бір нәрсеге қызығушылық танытса, онда соны өз бетінше істеп көруіне мүмкіндік беруіңіз қажет.


«Бар жақсы балаға» деген сөзден аулақ болыңыз

Кейбір аналар қиын материалдық жағдайда болса да, бар жақсыны балаларына беріп, бар жағдайын жасауға тырысады. Алайда баланың айналасына алтыннан тау тұрғызудың қажеті жоқ. Есейгенде мүлде басқа, қарама-қайшы өмірді көретін болса, қиындыққа тап келеді.


Өз қызығушылығыңыз бен қажеттілігіңіз туралы балаға айтып отырыңыз

Ата-аналар көбіне өз қызығушылығы мен қажеттіліктері жайлы балаға айтпайды. Бұл дұрыс емес. Балалар ата-анасының қажеттілігінің бар екенін біліп өскені дұрыс. Балаңыздың қалауындағы затты алып беру үшін, өз қажеттілігіңізден үнемдеп қалғаныңызды бала көріп өспеуі тиіс.


Балаңызға үлгі болыңыз

Бала босанғаннан кейін аналардың көпшілігі: «Бала туам деп өзімді ұмыттым, шаршадым» деген секілді сөздерді жиі айтады. Әр ана баласына үлгі болуы керек. Шаршаған, өкпелі жанды көріп өскен бала қалай дамиды?


Балаға өз жұмысыңыз туралы айтыңыз

Ата-аналар өз жұмысы, оның қызығы мен қиындығы туралы балаға айтып отырғандары дұрыс. Сонда табыстың қандай жолмен келетінін біліп өседі. Көп балалар ата-анасының жұмысы туралы мүлде ештеңе білмейді.


Отбасының жетістігі туралы айтып отыру керек

Осы дәрежеге қалай жеттіңіздер, нендей тер төктіңіздер осының барлығын айтып отыру маңызды.


Балаға артық жүктеме жүктемеңіз

Қазіргі ата-аналар бала телефонға байланып қалмас үшін немесе жан-жақты болсын деп түрлі үйірме, қосымшаларға тіркеп жатады. Алайда, баланы олай қинауға болмайды. Жас ағза мұндайдан тез шаршайды, жалығып, ештеңеге зауқыболмай қалуы да мүмкін. Сондықтан балаға шектен тыс жүктеме артпаңыз.


Мектепке дейінгі жас кезінде баламен ойын ойнаудың маңызы зор

Ата-анамен ойнап өскен бала өзіне көптеген білім мен дағды алады.


Әке мен ананың сөзі бір жерден шығуы тиіс

Кейде әке рұқсат берсе, анасы жібермей қоятын немесе анасы рұқсат еткен нәрсеге әкесі қарсы болатын жағдайлар жиі кездеседі. Мұндай қарама-қайшылық ата-әже мен ата-аналар арасында да болады.


Тәртіп пен ереже ескінің қалдығы емес

Балаларға ережемен өмір сүру жайлырақ болады. Нені істеуге болады, нені болмайтыны туралы нақты ереже болса балада түсінік пен уәждеме қалыптасады. Бала өзінің тентектік әрекетінің салдары неге әкелетінін білетін болады. Ереже, тәртіп арқылы өзінің және өзгелердің уақытын қорғауды үйретеді, айналасындағылардың көзқарасын құрметтей білуді түсінеді.


Баламен бірге талмай еңбектенуге дайын болыңыз

Баланы қандай үйірме, қосымшаға берсеңіз, онда сонымен бірге оқуға және айқайламай, ұрмай үйретуге дайын болыңыз. Сөйте тұра кейде жақсы нәтиже болмай жатады. Ондағы жиналыстарға да өзіңіз барасыз. Осындай жағдайларға дайын болсаңыз ғана баланы қосымшаға беріңіз.


Баланың назарын мәселеге аудартпаңыз

Мысалы, бала сіз алған киімде өзін жайсыз сезінсе, «ештеңе етпейді кие бер үйреніп кетесің» деп қинап қою қателік. Осындай нәрселерден балада мәселе қалыптасады.


Баладағы түрлі қасиеттерді дамытыңыз

Егер ұл балаңыз ас-үй ісіне икемді болып, соған қызығушылық танытса «ас-үй ер бала жүретін жер емес» деп қуып жүрмеңіз. Рұқсат берумен қатар еркектік қасиеттерін де дамыта отырыңыз. Сондай-ақ қыз балаңыз спорттың ерлерге арналған түрімен шұғылданамын десе, рұқсат етіңіз. Тек денсаулықққа аса зияны болмауына мән беріңіз.


Мамандарға қаралуға қорықпаңыз

Кейде мамандар ата-анаға балада ешқандай мәселе жоқ екенін түсіндіріп береді. Жай ғана белгілі бір кезде бала бірден өзгеріп кетіп, ата-ана оған дайын болмай абдырап қалады.


Әкелер жүріс-тұрысымен ер баласына үлгі болуы тиіс

Отбасында ер адамның рөлі өте маңызды. Егер баланың әкесі жоқ болса, онда үлгі боларлық адамын көрсетіп, оның істерін айтып отырыңыз. Ол баланың атасы, нағашысы, әкесінің досы, мұғалімі де болуы мүмкін.


Баланың әже-апасымен жанжалдаспауға тырысыңыз

Баланың анасы мен апасының арасындағы жанжал көбіне бірге тұратындар арасында болып жатады. Бірақ мүмкіндігінше әже-апалармен ұрсыспауға тырысыңыз. Екі анасының арасындағы ұрыс-керіс баланың жүйкесіне тікелей әсер етеді. Бала айлакер, бопсалағыш болып кетеді.


Баланы ата-әжесіне қалдыруға қорықпаңыз

Ата-әжелердің көпшілігі зейнеткер және жұмыс істемейді. Сондықтан балаға бөлетін уақыты жетерлік. Егер ашуланып, мазаңыз қашып тұрса, онда баланы ата-әжесіне қалдырып, сыртқа шығып сергіп, серуендеп келгеніңіз дұрыс. Бұл барлығыңыз үшін тиімді болатыны сөзсіз.


Демалуға уақыт табуға тырысыңыз

Егер ата-аналар баланы шектен тыс өбектеп, оны жалғыз қалдырмауға тырысса, онда өзі шаршайды және мазасыз күйге түседі. Ал мазасыз, шаршаған ананың жанында болу балаға да жайсыздық тудырады. Сондықтан балаға қарайтын адам табылса, бір мезгіл демалып алған жөн. Көңіл күй де жақсарып, сергіп қаласыз.


Баланы өзіне мұқият болуға үйретіңіз

Әрбір ата-ана іс-әрекеті арқылы өзіне қалай қамқор болу керектігін балаға көрсете алады. Шаршағанда, ашуыңызды жақындарыңыздан алғанда бұл туралы ойланғаныңыз дұрыс.


Баланың қызғанышынан қорықпаңыз

Бұл баланың рухын арттырады. Ол жарысуға, алда болуға ұмтылады. Тек, ұрыс-керіске жол бермеңіз.


Өз сөзіңізді соңына дейін орындаңыз

Бұл қателікті көптеген ата-аналар жасайды. Егер баланы бір нәрседен шектеп немесе тыйым салсаңыз, онда ойыңызды өзгертпегеніңіз дұрыс. Сөзіңізден айнып, соңына дейін жеткізбесеңіз, онда бала үшін сіздің сөзіңіз ай дыбыс болып қалады.


Дайындаған: Э.Базарбаева,

ERNUR.KZ.