Аталған адамдар ұзақ уақыт бойы шетелде жасырынып жүрген
фото: КНБ Казахстана
ERNUR.KZ. Ұлттық қауіпсіздік комитеті шет мемлекеттердің құзыретті органдарымен бірлесіп, іздеуде жүрген Қазақстанның төрт азаматын елге қайтарды, деп жазады sputnik.kz.
Терроризм бойынша күдікке ілінген 4 қазақстандық елге қайтарылды
"Осы жылдың 7 және 12 мамырында шетелдік елдерден ҰҚК арнайы жасағының конвойымен террористік қылмыс жасады деген күдікпен республикамыздың төрт азаматы Отанға жеткізілді", - деп жазылған хабарламада.
Аталған адамдар ұзақ уақыт бойы шетелде жасырынып жүрген, ұлттық қауіпсізждік комитетінің бағдары бойынша ұсталды.
Терроризм бойынша күдікке ілінген 4 қазақстандық елге қайтарылды
Оларға қатысты тиісті қылмыстық істер шеңберінде тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды, дейді комитетте.


