Түркия президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді

0
408

Мемлекеттер басшылары екіжақты байланыстардың қазіргі жай-күйі мен перспективасын талқылайды.


Түркия президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді

фото: Акорда

ERNUR.KZ. Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді, деп жазады sputnik.kz.
"13-14 мамыр күндері Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Астанаға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған мемлекеттік сапармен келеді", - деп жазылған хабарламада.
Мемлекеттер басшылары екіжақты байланыстардың қазіргі жай-күйі мен перспективасын талқылайды.
Сондай-ақ президенттер Қазақстан мен Түркия арасындағы Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің алтыншы отырысын өткізеді.
Айта кетері, 15 мамыр күні Түркістан қаласында Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер басшыларының бейресми саммиті ұйымдастырылады. Жиында "Жасанды интеллект және цифрлық даму" тақырыбы талқыланады.