Адели синдромы бар адамның қиялы ойға қонымсыз келеді.
Кез келген сүйіспеншілікте кішкентай болсын ессіздік болады – бұл қалыпты жағдай. Ал егер махаббат естен адастыратындай болса, онда бұл туралы ойлану керек. "Сүйдім-күйдім, онсыз өмір сүре алмаймын" деп адам ойына келе бермейтін ессіздікке барып жатқандар бар. Мамандар мұндай жағдайға қарапайым тілмен айтқанда, махаббаттағы ессіздікке – Адели синдромы деген ат берген.
- Адели синдромы – бұл өзге адамға байлану, құлай беріліп, қандай да бір ессіз әрекетке ойланбай бару, эмоциялық тұрақсыздық. Мұндай жағдайдағы адам эмоциялық ұйыққа батып, оңайлықпен еркіндікке шыға алмайды.
- Адели синдромының қауіптілігі – адам түрлі қияли істер істеуі мүмкін, өз-өзінен оқшауланып сөйлемейтіндей дәрежеге жетеді.
- Бұл синдром жазушы Виктор Гюгоның қызы Аделия Гюгоның атымен аталған. Ол қы британдық офицерге ессіз ғашық болған. Негізі Адели синдромы ауру ретінде тіркелген емес, бірақ ол жүйкедегі бұзылыс белгісінің бірі және көбіне өзін-өзі төмен бағалайтын жандарда көп кездеседі.
Әрине махаббат оты лаулап ғашық болған әрбір жан бастапқыда басы кетіп, түрлі іс жасағанымен, уақыт өте бәрі қалыпқа келеді. Ал егер жағдай ары қарай ушыға түссе, онда ол синдромның алғашқы белгілері болуы мүмкін. Өзге де белгілері:
- Бір адамға деген жағымсыз құштарлық
- Өзін-өзі бағалаудың төмендігі
- Эмоция мен іс-әрекетін басқаруы қиын
Адели синдромы бар адамның қиялы ойға қонымсыз келеді. Мысалы, сүйген адамының жанынан түрлі адамды елестетіп, ойлап, жоқ адамнан, себепсіз қызғануы мүмкін.
Аделия синдромы көбіне өз-өзін төмен бағалайтын жандарда кездеседі
Бұл өзіңе деген сенімсіздіктің тереңге сіңіп, тамырлап алғанының көрінісі болуы мүмкін. Мұндай жандар өз-өзін махаббатқа лайықсызбын деп әбден сендіріп қойған.
Бір адамға жабысып, оған көзсіз байланып қалудың бірнеше себебі болуы мүмкін:
- Ата-ана мейірімінің жетіспеушілігі
- Жақын адамын жоғалту және жоғалтқанның орнын толтырғысы келеді
- Тұқымқуалайтын жүйке жүйесінің бұзылысы
Аделия синдромының қауіпі
Негізі мұндай махаббаттың көптеген қауіптілігі бар. Махаббатқа байлану адамның бар өмірін құрдымға жіберіп, жұтып қоюы мүмкін. Адам махаббатының артынан қуа жүріп өзін ұмытады, арманы жоғалады. Өзін ұмытқан жан кез келген ессіздікке, тіпті суицидке де ойланбай бара алады.
Сонымен қатар мұндай махаббаттың ауыр салдарының бірі – зорлық. Адам өзін жалғыз қалғандай, меселін қайтарғандай сезінетін болса, ол өзі жақсы көрген жанға зорлықпен, қинаумен болса да қол жеткізіп, дегенін алғысы келеді. Сондай-ақ, сирек болса да өлтіруге дейін жететін де жағдайлар кездеседі.
Аделия синдромындағы жандар өз әрекеттерінен ешқандай мәселе көрмейді. Керісінше бар мәселе сүйген адамында деп ойлайды. Сондықтан олар психолог маманға өздігінен барып көрініп, емделе қоймайды. Сол себепті, дабылды ең бірінші болып достары, жақындары қағуы керек.
Ғашық болу, біреуді сүйіп, ол үшін күйіп-жану - ерекше сезім. Ал сол сезімді ауыздықтап ұстай алмау – үрейленуге себеп болу керек.
Өзге басылымнан аударып, дайындаған: Э.Базарбаева,