​Өзін бағалай білетін әйел барлық жағдайдың оң жағын көреді

0
137

Егер өміріңізге біреу келіп сізді бақытқа бөлейді деп ойласаңыз, қателесесіз.


​Өзін бағалай білетін әйел барлық жағдайдың оң жағын көреді

Сурет: ЖИ

Бақытты болу үшін өзіңді бағалай және жақсы көре білуі керек дегенді жиі естуге болады. Алайда өзін бағалай білетін әйелдердің қандай әдеттері бар және қалай үйренуге болатыны жайлы аз айтылады.

Егер өміріңізге біреу келіп сізді бақытқа бөлейді деп ойласаңыз, қателесесіз. Бақыт ол біздің ішімізде, ол біздің әлемді қалай қабылдайтынымызға байланысты. Егер оңаша қалған кезде өзіңізді бақытсыз сезінсеңіз, онда өміріңізге қандай адам келсе де ештеңе өзгермейді. Сіз жай ғана өзіңізіді бағаламайсыз және барыңызға разы бола алмайсыз. Бақытты болуға үйрену керек.Ол үшін бар болғаны ойлау қабілетіңізді өзгертсеңіз, айналаңыздың бәрі өзгере бастайды.


Өмірінің көп бөлігін саналы түрде қабылдау

Негізі біз көп істерімізді түсімізде жүргендей жасап жатамыз. Дәл осы шақта емес көбіне не өткен шақты еске алып немесе болашаққа жоспар құрып жүреміз. Алайда өмір дәл қазіргі уақытпен өтіп жатыр. Өзін бағалай білетін жан өткенмен немесе қиялмен емес дәл осы сәтпен өмір сүреді.


Сабырлық және ақылды шешімдер

Адамды көп жағдайда, әсіресе әйел баласын сезім жеңіп кетіп, көптеген шешімді соның ықпалымен асығыс қабылдайды. Нәтижесінде өзіміз қаламаған нәрселер орын алып жатады. Сондықтан сезімге өзіңізді билеуге жол бермеңіз. Бар мәселенің шешімін сабырлы қалыпта қабылдаған дұрыс.


Араласатын ортаны таңдау

Өзін бағалай білетін әрбір әйел уақытын бос және қызықсыз адамдармен өткізбейді. Біздің ортамыз өміріміздің көрінісі. Сондықтан айналаңызға жүрек пен көңілге жақын, жанында өзіңізді жайлы сезінетін адамды таңдаңыз.


Сый-құрметі жоқ қарым-қатынастан арылу

Өзін бағалайтын әйел бір қателікті қайта қайталамайды. Сондықтан өзін құрметтмейтін ер-азаматтың қателігін қайта-қайта кешіре бермейді. Бар болғаны ауыр, жақсы емес қарым-қатынастан арылып, жаңа жол табады.


Жаңашылдыққа қызығу

Өзін бағалпайтын жан үнемі өзін дамытып отыруға және жаңа нәрсені оқып үйренуге талпынады. Мұндай жандар әлемнің шексіз екенін жақсы түсінеді. Сондықтан өздеріне ешқандай шекара қоймайды.


Өзінің де өзгенің де уақытын құрметтейді

Өзін құрметтей білетін әйел асықпау, кешікпеу, күттірмеу үшін уақытын жоспарлап қояды. Адам өмірдің әр секунды қымбат екенін түсінгені жөн.


Өз күш-жігеріне сену

Қолға алған барлық істің орындалып, бірден дұрыс болып кететініне ешқандай кепіл жоқ. Алайда өзін бағалай білетін жан, мойымай, өмірге өкпе артпай, қолға алған ісін аяқтап нәтиже шығаруға тырысады.


Барлығынан оң нәрсе көру

Егер бір нәрсе орындалмай қалса да, сдан пайдалы, қызықты нәрсе табуға талпынады.


Материалдық жағдайға сабырлықпен қарау

Өзін бағалайтын әйел, ақшаны да бағалайды. Бірақ оны негізгі мақсат санамайды. Мұндай жандар ақшаны артық құртпайды, бірақ өзіне пайдалы, сапалы іс болса үнемдемейді.


Дайындаған: Э.Базарбаева,

ERNUR.KZ