"Беташарды" ойыншық қылды": Танымал асаба әрі әзілкеш жігітке оқырмандары сын айтты (видео)

0
3 037

"Беташарда" ортаға шыққан азаматтың қолындағы жүзігін сұрады.


фото: инстаграм желісінен скриншот

Белгілі әзілқой әрі бүгінде асаба болып нәпақасын тауып жүрген Арман Жаналиевтің "Беташар" рәсіміндегі әзілдеймін деп жасаған кейбір әрекеттері көпке ұнамаса керек. Оны өзінің парақшасында жарияланған бейнежазбалар астында жазылған пікірлер легінен байқауға болады.

Мәселен, соңғы салған бейнежазбасында байқалғандай, "Беташар" рәсімінде ортаға шығып ыдысқа ақша салған ер-азаматтың қалтасындағысын қағып алғандай болғанымен тұрмай қолындағы жүзігін сұрағаны да желі қолданушыларына жақпай қалған тәрізді. Яғни, Арман асаба болып көпті күлдіртемін деп артық кеткен сияқты.


Оқырмандарының бірі "Кайыршы кусап бермеген ақшасын ізінен қалмай сұрап алатының ыңгайсыздау екен, қоя салсай осы тірлікті, норм тамада боп жүре берсей" деп кеңес берсе, енді бірі "Осы беташарда жұрттың қалтасын қағып тұрып аласыңдар" деп көпшілік асабаларға да қатысты пікір қалдырған. Енді бірі "Қазақтың қасиетті салт-дәстүрі беташарды ойыншық қылмаңдар" деп ренжіпті.

Десе де, Арман Жаналиевті қолдайтын оқырмандар да жеткілікті екендігін байқауға болады. Оларға Арманның әрбір әзілі де, асбалаық өнері де ұнайтын секілді.