​Енесінің мерейтойында ыдыс жуған келіндер желінің хиті болды

0
3 081


​Енесінің мерейтойында ыдыс жуған келіндер желінің хиті болды

Желіде ақтаулық келіндердің билеп жүріп, ыдыс жуған видеолары тарады. Оны алғашқы болып келіндердің өздері парақшаларына салған.

Келіндердің бірі «Келіндік өмір деген осы...» деп күлген жазба жазса, екіншісі «Қандай жағдай болсын әр күніңді көңілді өткізу өз қолыңда» деген.



Ақпарат көздеріне сенсек, келіндер енелерінің елу жылдық мерейтойында қызмет етіп, қонақ күтуде. Олардың бұл видеолары өз парақшаларында ғана емес, басқа да топтарда кең таралған. Көңілді отбасының абысындарына тамсанған оқырмандар, «Қандай сүйкімді келіндер, өздеріне жарасымды», «Ақтаудың келіндеріне сөз жетпейді» десе, кейбірі осындай келіндерінің болуын Алладан сұраған.

Шынында, ағайынның жақындығын қайғы мен қуанышта білесің деп жатады. Сондай-ақ қазақ «Абысын тату болса, ас көп» екенін баяғыда айтып кеткен. Сіз өз абысындарыңызбен татусыз ба?

Фото-Видео: Әлеуметтік желіден алынды

ERNUR.KZ