Карантинде іші пысқан "асаба" жұртты күлкіге қарық қылды (видео)

0
28 278

"Қазақтың тойын сағындық"...


Карантинде іші пысқан

Қазақстаннның көптеген аймағы әлемге қауіп төндірген коронавирустың таралмауы үшін шектеу қойылып, карантинге жабылса да, үйде отырған адамдар әзілмен көптің көңілін көтеріп те бағуда.

Солардың бірі бүгін әлеуметтік желілердің бірінде жарияланған "дүкендердің үйлену тойы" болды. Қатар тұрған төрт азық-түлік дүкенінің атауларына орай оларды шаңырақ көтерген екі жас пен олардың жолдастары деп таныстырып, бақыт тілеген автордың қиялына жұрт разы болды. Тап бір тойда тұрғандай әдемі сөзбен "жастарды құттықтаған" "асабаның" қылығы жұртты еріксіз езу тартқызыпты.


"Осындай дүниелерді салып тұрыңдаршы", "іші пысқан тамада ғой", "өазақтың тойын сағындық", "таппайтындарың жоқ" деген секілді пікірлерімен көпшілік разылықтарын білдіріпті.

Видеоның қайда түсірілгені белгісіз, бірақ желі қолданушыларының арасында пікір қалдырғандар оның Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданының Қандыағаш қаласы екендігін айтқан.