Сарқыттан сән кетті (видео)

0
6 665

Қазақ ежелден жұрттың жақсылығы жұғысты болсын деп ырымдаған. Сондықтан жақсылықтан өздеріне сарқыт алатын ырымы бар. Бірақ бұл сарқыттан соңғы кезде сән кетті.


Сарқыттан сән кетті (видео)

Қазақ ежелден жұрттың жақсылығы жұғысты болсын деп ырымдаған. Сондықтан жақсылықтан өздеріне сарқыт алатын салты бар. Бірақ бұл сарқыттан соңғы кезде сән кетті.

Алдымен сарқыт дегеніміздің мәніне тоқталсақ. Сарқыт - ежелден келе жатқан салттың бірі, ырым. Әдетте үлкен әйелдер тойдың, айт мейрамының дастарханынан кәмпит, не құрт алып өзінің балалары мен немерелеріне алып келетін болған. Ол дегеніңіз, сол жақсылықты балаларға да берсін деген тілегі. Қазақтың салтында сарқыттың мәні зор. Бұрындары келіндер "сарқыт қайтады" деп үлкендердің табағын әдейі күтіп отырады екен. Ал қазір тек табақ қайтатынына бәріміз куә болып жүрміз.

Тойдағы үлкенді-кішілі қауымның бәрі қазір дастархандағы асты азқазанына емес, астындағы пакетіне салатын болған. Бұл туралы түрлі әзілдер мен видеолардың қаптағанына қарамастан, оны тию мүмкін болмай тұр.

Қонаққа барып бір пәкетке бірнеше түрлі тамақ алып қайтатын жандардың желідегі жазбалары мұнымен бітпейді.


Ағайынның басын қосып ас берген адамның көбі ертесіне "Бір түйір бауырсақ таппай қалдық" деген шағымда көп айтатын болды. Кейбірі "Қайыры Алладан" деп жылы жаба салады. Осыған себеп, біздің тойдағы мәдениетіміздің әлі де қалыптасып болмағаны шығар?!

Сіз тойдан сарқыт аласыз ба?


Видео: ютуб желісен алынды

Автор: karashash_esenbay

ERNUR.KZ