Тойда іш киіммен билеген қыздар көпшіліктің ашуына тиді.
Той қызықтары есте қалар естеліктерімен ерекше. Естелік деп отырғанымыз, суреттер мен бейнежазбалар.. Көңілді көтеріп, бой сергітуге барған той сүйер қауымның түрлі қызықтарға тап болып жатады.
Міне, осындай көңілге жағымсыз, ойға қонымсыз сәттері де жазбаға басылып қалып жатады. Осындай тойлардың бірінде ішкиіммен билеген қыздар көпшіліктің ашуын туғызды. Күлуге батыл бармайтын, жылауға намысы жібермейтін бұл тойдағы келеңсіз жағдайлар жинақталған видеоға сіз не айтар едіңіз?
Әлеуметтік желіде таралған бұл бейнежазбалар жиынтығының көбісі қырғыз елінің тойларында болған оқиға деседі. Десе де арасында қазақ тойларында көп айтылатын әндерді де естіп қалуға болады. Көрген көпшілік тойдың қадірі кетіп бара жатқандығын айтады.
Бірінде жігіттің ауы жыртылса, екіншісінде ішкиімшең билеп елді шулатқан тойлардың қатары азаяр емес. Бейнежазбалардың бірінше әйел адамды той үстінде тепкен жігіттің әрекеті де түсіп қалған. Ал енді бірі тойда қызық жасаймын деп құлап, көпке күлкі болған жағдайы тағы бар.
"Мынау масқара ғой! Қырғыздың тойы деуге ұят екен!", "Той деп айтуға келмейдә", "Осыларды тойға кіргізгендердің өзі оңбайды" деген пікірлер толастар емес.
Көрші елге күлетіндей де емес екенімізді жасырмайық. Дәл мұндай болмаса да, осы сарынды күлкіге қалып жатқандар қазақ тойында да аз болып жатқан жоқ.