Тойда сағыз шайнап сәлем салған келін сынға қалды

0
5 036

Жақында әлеуметтік желіде Маңғыстау өңіріндегі тойда келіндердің сәлем салып тұрған видеосы жарияланды. Ол әлеуметтік желіге жүктелген сәттен бастап кең талқылауға түсіп кетті. Оның бір себебі сәлем салудағы ерекшелігі болса, енді бір себебі келіннің сағыз шайнап тұрғаны.


Тойда сағыз шайнап сәлем салған келін сынға қалды

Жақында әлеуметтік желіге Маңғыстау өңіріндегі тойда келіндердің сәлем салып тұрған видеосын жарияланды. Ол әлеуметтік желіге жүктелген сәттен бастап кең талқылауға түсіп кетті. Оның себебі сәлем салудағы ерекшелігі болса, енді бір себебі келіннің сағыз шайнап тұрғаны.

zhasik111_official есімді азамат өзінің инстаграм парақшасына "Маңғыстауым салтыңнан айналайын, нағыз қызықилықтың иісі аңқитынғ салтын ұстанатын Маңғыстаудың келіндері жасасын, көп жаса айналайын" деген пікірмен бірге төмендегі видеоны жүктеді. Мұны екі тәулік ішінде 300 мыңнан аса желі қолданушылары көріп, 1000 жуық пікір жазылған.

Оқырманның көбі келіннің сәлемін жасанды деп сөгеді. _kuandik_sairash: "Не деп кеттің Құдай-ау. Сиыр сияқтысың, Мырылдап. Өзіңмен өзің не айтып отсың?", samatovna_moldir: "Бәрі әдемі, бірак сағызы, Сәлем салғаны ерсі көрінеді екен" деп жазса енді бірі Адайлардың бәрі салтты жақсы білетін қауым, бұл біздің ата-дәстүріміз деп ақталуда.


Келіннің өзі түскен әулетке сәлем салуы бұрыннан келе жатқан ата-салт. Оның үлгісі әр өңірде әр түрлі. Бастысы сәлем салу күйеуіңіздің жақындарына деген сый-құрметіңнің нышаны екенін білсеңіз болғаны.

Фото-видео:zhasik111_official

ERNUR.KZ