Қонақтар да қаранәсілді...
Қазақстандық арудың қаранәсілді азаматқа тұрмысқа шыққан сәтіндегі бейнежазба әлеуметтік желілерде таралып жатыр.
Бейнежазбада көрсетілгенгендей, қалыңдықтың ақ көйлегін киген бойжеткен қаранәсілді азаматпен некесін қиып, бір-біріне неке жүзігін тағады. Неке қию орталығының ғимаратында болса керек, онда Қазақстанның көк Туы мен Елтаңбасын көруге болады. Ал АХАЖ қызметкері оларға бақыт тілеп, ресми түрде ерлі-зайыпты атанғандарын салтанатты түрде хабарлаған.
Неке қию салтанатында қазақ ұлтынан ешкім байқалмайды, бейнежазбаға түспеген болуы мүмкін. Бірақ қонақтар тарапынан тек қаранәсілділерді ғана байқауға болады.
Желіде қаранәсілдімен қазақстандық бойжеткеннің неке қию рәсімі Павлодар деген болжам бар.
Бұл бейнежазба біршама желі қолданушыларының ашуына тиіп үлгерсе, арасында қолдаушылар да табылып жатыр. Пікірлердің дені төмендегідей болып отыр.
"Ана қызда ес жоқ!"
"Несі бар? Алланың жаратқаны... Мүмкін бұл жігіт мұсылман шығар?"
"Жасы жерортаға келгенде өзі-ақ қашады мынадан. Шетелдікке күйеуге тигендер мемлекетке ақша төлеп, азаматтықтан шықса! Шығарса! Жапондардағыдай!"
"Қалыпты жағдай! Еркек әйелге үйленіп жатыр! Бұдан сорақысы - ерекектің еркекке үйленуі... (Нормально! Мужчина женится на женщине! Гораздо ужаснее, когда мужчина женится на мужчине, вот это действительно ...)"
"Бұл қыздар бөтенге тұрмысқа шыққан соң өз ұлтының қорғауынан айырылатынын терең түсінуі керек. Осы сәттен бастап олар бөтен... (Эти девушки должны четко понимать, что выходя замуж за чужих они лишаются защиты соплеменников. С этого момента они чужие)"
"Бақытты болсын балалы шағалы болсын. Кім біледі, ертең жиеніміз керемет спортшы, боксшы чемпион болса мақтанатын шығармыз. Жанұясынан махббат пен бақыт кетпесін"
"Қазақтанның азаматтыңғын алу үшін үйленіп жатқан шығар. Қалыңдық күйеу жігітті мұрагер ханзада деп ойлайтын болар?! (Женятся, чтобы получить гражданство Казахстана. Невеста, свою очередь думает избранник наследный принц...)"