Қала тұрғындары «Таза аула», «Үлгілі үй», «Таза көше», «Таза ауыл» номинацияларымен марапатталған.
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының аясында Кентау қаласында 10 ай ішінде378іс-шара өткізілген. Бұл туралы Түркістан облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Кентау қаласының әкімі Әбдібақыт Мақұлбаев айтып өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
«Қазақстанның киелі жерлері» арнайы жобасы аясында «Оңтүстік Қазақстан облысы киелі жерлерінің географиясы» тақырыбында 500 оқушыға облыс аумағындағы киелі жерлерге экскурсия ұйымдастырылса, қаланың ардагерлері облыс аумағындағы Бәйдібек, Созақ аудандарындағы киелі орындарды демеушілер тарапынанаралап қайтыпты.
«Қазіргі заманғы қазақстандық мәдениет жаһандық әлемде»арнайы жобасы аясында «Ұлттық құндылықтар - тәрбиенің түп азығы» тақырыбындаөнер фестивалі және «Мәдени қызмет - мерейлі міндет» тақырыбында гала-концерт ұйымдастырылған.
«Қазақстанның 100 жаңа есімі» арнайы жобасының жеңімпаздары Ғалымжан Әлеуханов пен Эдуарда Вельктің жастармен кездесуі өткен. Сонымен қатар, «Таза аула», «Үлгілі үй», «Таза көше», «Таза ауыл» номинацияларының жеңімпаздары марапатталыпты.
Сондай-ақ, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті және Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ғалымдарының қатысуымен «Хантағы мұрасы ұрпаққа аманат» ғылыми-теориялық конференциясы ұйымдастырылған.