25 мыңнан астам түркістандық тұрғын сапалы электр энергиясымен қамтылады

0
845

Төлеби ауданындағы тұрғындардың шамамен 20%-ы сапасыз электр қуатын тұтынып отыр.


25 мыңнан астам түркістандық тұрғын сапалы электр энергиясымен қамтылады

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Төлеби ауданының халқы сапалы электр жарығымен қамтылады, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы Төлеби ауданында ескірген электр бағаналары мен трансформаторларды ауыстыру және жаңа тұрғын үй алаптарына электр желісін тарту жұмыстары қолға алынған.

Қазір Төлеби ауданындағы 21 елді мекенде әзірленген 6 жобаға республикалық бюджеттен қаржы қаралып, тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Алдағы уақытта мұндағы ауылдарға 110 шақырым электр желісі тартылып, жаңадан 48 трансформатор орнатылатын болады. Жалпыы, жыл соңына дейін 3 492 абонент, яғни 25 мыңнан астам тұрғын сапалы электр энергиясымен қамтамасыз етіледі.

«Жалпы аудан бойынша бізде 15000 шақырымның үстінде электр желілері болса, соның 316 шақырымының тозығы жеткен. Бюджет есебінен 110 шақырымын біз жаңартып жатсақ, «Оңтүстік Жарық Транзит» мекемесі өз есебінен 40 шақырымға жуық желілерін жаңартады да, жалпы аудандағы тозығы жеткен электр желілері бағаналары арқылы электр қуатын тұтынып отырған абоненттердің саны 9,7% төмендейді», - дейді Төлеби ауданының әкімі Бауыржан Омарбеков

Қазір Төлеби ауданындағы тұрғындардың шамамен 20%-ы сапасыз электр қуатын тұтынып отыр. 2021-2022 жылдары барлық абоненттерін толыққанды бағана желісін ауыстыра отырып, сапалы электр қуатына қол жеткізу жоспарланып отыр.