​250 теңгелік сусын үшін 2,5 жылға сотталған түркістандық жігіттің әкесі әділдік іздейді

0
2 433

Оған сексуалдық сипаттағы зорлық әрекеттерін жасамақ болды деген де айып тағылған көрінеді.


​250 теңгелік сусын үшін 2,5 жылға сотталған түркістандық жігіттің әкесі әділдік іздейді

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

"250 теңгелік бір сусын ұрладың деп баламды 2,5 жылға соттап жіберді." Осылай деп Түркістан қаласының тұрғыны Анарбай Бухарбаев шағымын жеткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Түркістан қаласының тұрғыны 31 жастағы Отабек Бабыр көшесінде орналасқан азық-түлік дүкенінен "Дизи" сусынын ашық жымқырғаны үшін кінәлі деп айыпталған.

Оған ҚР ҚК нің 191 бабы1-ші бөлігімен айып тағылған. Түркістан облыстық мамандандырылған қылмыстық істер жөніндегі сотының үкімімен осы баппен екі жыл алты айға бас бостандығынан айыру жазасы кесілген. 250 теңгенің сусынын ұрлады деп танылған 31-дегі азамат жазасын қылмыстық атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтеу белгіленген. Сот алдына оған алдымен сексуалдық сипаттағы зорлық әрекеттерін жасамақ болды деп айып тағылып, ҚР ҚК нің 121 бабының 4-бөлігімен жауапкершілікке тартылған болатын. Сусын алып кеткен күнідүкенде 2008 жылы туған балақайдың қолынан ұстап, кеудесі мен жамбасынан сипағаны үшін жауапқа тартылған. Алқаби алқасының шешімімен 31 жастағы сотталушының зорлық сипаттағы қылмысқа катысы жоқ, кінәсіз деп танылған.

"Жоғарыда көрсетілген айып бойынша қылмыстық құқық бұзушылықтың оқиғасы болмағандықтан кінәсіз деп танылды. Мұндай жағдайда О.Бухарбоев ҚР ҚК нің 121 бабының 4-бөлігімен ақталуға жатады", - делінген сот үкімінде.

Алайда, сот дүкеннен құны 250 теңге тұратын сусынды ашық жымқырғаны үшін кінәлі деп танып, бақандай 2,5 жылға темір торға тоғыту туралы үкім кесті.

"Бұл үкімді әділетсіз деп есептеймін. Балам сусынның ақшасын кейін әкеп беремін деп кеткен. Теңгесін әкелгенде балама жала жауып ондағылар полицияға берген. Ауылдағы дүкеншілер ғой соның барлығын істеп отырған. Алдымен зорлық жасады, педофил деп жала жаппақшы болған. Өздері жабылып ұрған соң "групповойдан" қашу мақсатында осындай жала жапты оған. Басы ісініп кеткен, жарақаты жеңіл де емес еді. Сараптамаға тек бір аптадан кейін ғана бардық қой, нәтижесін жеңіл жарақат деп берді. Балам өзінің екі ұлымен келе жатып балаларына сусын әпермек болған қарызға. Бір сусынды алып кеткен. Бар айыбы сол ғана. Сегіз айдан бері ұлым қамауда жатыр. Тағып отырған кінәсі сол бір сусынды қарызға алып кеткені. Екі жарым жылға соттап отыр енді. Әділдік іздеймін әлі де", - дейді сотталушының әкесі.