​Аналар кеңесінің мүшелері Түркістанда бас қосты

0
2 224

Іс-шараны облыстық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Балхия Көмекбаева ашып, жүргізіп отырды.


​Аналар кеңесінің мүшелері Түркістанда бас қосты

Бүгін Түркістан қалалық мəдениет үйінде облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің «Аналар – шаңырақ шуағы» іс-шарасы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ Түркістан облыстық Қоғамдық келісім КММ-не сілтеме жасап.


Жиынға ҚХА қызметкерлері, қоғамдық ұйымдардың жетекшілері, облысымыздың аудан, қалаларындағы Аналар кеңестерінің төрайымдары мен мүшелері жəне студенттер қатысты.

Басқосуда Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында айтылғандай, ұлттық дəстүр негізінде отбасы құндылықтары дəріптеу, ұрпақ тəрбиесіндегі өзекті мəселелер талқылау мен ұсыныстар əзірлеу, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан өзара сыйластық пен татулық, мейірімділік, бірлік пен келісім секілді елдігіміздің тірегі болған құндылықтарды кеңінен насихаттау жайы қаралды.

Іс-шараны облыстық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Балхия Көмекбаева ашып, жүргізіп отырды.

Қ.А.Яссауи атындағы ХҚТУ-нің доценті, жеке кəсіпкер Гүлсара Тоққұлова, Мақтарал аудандық Аналар кеңесінің төрайымы Рахилла Басымбекова, Шардара аудандық Аналар кеңесінің төрайымы Зейнедилова Ұлдықыз тақырып аясынба баяндама жасап, бала тəрбиесіндегі ата-ананың жауапкершілігіне қатысты ұсыныс-пікірлерін білдірді.

Айта кету керек, бүгінде Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанында консультативтiк-кеңесшi орган ретiнде облыстық, аудандық, ауылдық деңгейде 200-ге жуық Аналар кеңесі жұмыс істейді. Кеңес мүшелері ажырасудың алдын алу мен отбасындағы ұрпақ тəрбиесi, жасөспiрiмдер арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылық сынды өзектi мəселелер төңiрегiнде iс-шаралар ұйымдастырып келеді.