Әр түркістандық тұрғында әлеуметтік карта болады

0
1 039

Қоғамдық көлікке мінуге, мектепте тегін тамаққа ие болуға және басқа да төлемдер жасауға мүмкіндік бар.


Әр түркістандық тұрғында әлеуметтік карта болады

Түркістан қаласының әрбір тұрғынында тамыз айынан бастап әлеуметтік карта пайда болады, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы ресми ақпарат Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюповтың төрағалығымен өткен аппараттық мәжілісте белгілі болды. Аталған карта арқылы қоғамдық көлікке мінуге, мектепте тегін тамаққа ие болуға және басқа да төлемдер жасауға мүмкіндік бар.

Аппараттық мәжілісте сөз алған Рашид Абатұлы осындай ерекше картаны тиімді қолдану үшін әр кәсіпкерде терминал болу қажеттігін баса айтты. Аталған жүйені әлі де жан-жақты толықтырып, тамыз айына дейін толығымен аяқтауды тапсырды. Айта кетейік, картаға өтінім беру, қалай ие болу жолдары алдағы уақытта толыққанды түсіндіріледі. Ал, қала тұрғындары үшін қызмет көрсету арзан әрі тиімді болады.

Одан өзге, жиын барысында кәсіпкерлік нысандарды архитектуралық жарықтандыру жұмыстарын жандандыру қажеттігі де айтылды.