«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы 634 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» Арыс қаласындағы халыққа қызмет көрсету орталығын іске қосты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Жарылыстан зардап шеккен ХҚО орналасқан ғимараттың іші-сырты аз уақыт ішінде қалпына келтіріліп, жұмыс орындары реттелді.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы 634 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді.
«Арыстағы халыққа қызмет көрсету орталығы мен ондағы әлеуметтік төлемдерді есептеу, жер кадастры, жылжымайтын мүлік құжаттарын реттеу бөлімдері де қайтадан өз жұмысын бастады. Ондағы байланыс желілері қалпына келтіріліп, ХҚО ақпараттық жүйесі іске қосылды. Тұрғындар бүгінде керекті анықтамаларды алып, жеке бас куәлігі, балалардың туу куәліктері сияқты құжаттарын ретке келтіре алады», – деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалының директоры Ержан Жеңісбеков.
Айта кетейік, мемлекеттік корпорацияның Арыс қаласындағы бөлімшесінде 55 қызметкер жұмыс істейді. Олардың барлығы бүгінде жұмысқа шығып, лауазымдық міндеттерін атқарып жатыр.
Бұған дейін мемлекеттік қызметтердің көрсетілуін Арыста 5 мобильді ХҚО қамтамасыз етіп, халықты құжаттандыру жұмыстары жүргізілген болатын.