Екі айналымнан тұратын байқауға қала аумағынан жалпы 11 өнерпаз қатысты.
Арыс қаласының ішкі саясат бөлмінің ұйымдастыруымен 30-тамыз
- Конституция күні мерекесі мен Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында
патриоттық әндер байқауы ұйымдастырылып өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Шараның мақсаты қатысушылардың шығармашылық қабілеттерін
дамыту, дарындыларға қолдау көрсету, вокальдық өнерін дәріптеу, өнерге
деген құштарлығын арттыру болып табылады.
Екі айналымнан тұратын байқауға қала аумағынан жалпы 11 өнерпаз
қатысып, сайысқа түсті. Әділқазылар алқасының шешімімен бас жүлдені
А.Рахымхан, І-орынды А.Сейдібаттал, ІІ-орынды Р.Кеңесбай, ІІ-орынды
Х.Төлебековалар бөліссе, ең жас әнші номинациясымен Е.Әкімқара
марапатталып, бағалы сыйлықтармен және қала әкімінің орынбасары
Р.Айтбаевтың дипломымен марапатталды.
Сайысқа қатысып, өз өнерлерн ортаға салған басқа қатысушылар да
ынталандыру сыйлықтармен және дипломдар иеленді.