Арыстағы жарылыс: қала тұрғындарын шұғыл көшіріп жатыр

0
4 128

Осы оқиғаға байланысты Түркістан облысы әкімдігінің басшылық құрамы оқиға орнына аттанып кетті.


Арыстағы жарылыс: қала тұрғындарын шұғыл көшіріп жатыр

Әскери бөлім қоймасындағы жарылыстан соң тұрғындарды шұғыл көшіру үшін Арыс қаласына 40 автобус аттанды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Арыс қаласының маңындағы жарылыстан кейінгі шараларды төтенше жағдайлар департаменті, Түркістан облысы мен Шымкент әкімдіктері жүргізіп жатыр. Өңірдің төтенше жағдайлар баспасөз қызметі хабарлағандай, Шымкентте 15 құтқару бекеті ашылған, адамдар шұғыл түрде сонда жеткізіледі.

Тұрғындарды эвакуациялау туралы мәліметті 8 (7252) 44-34-72 нөмірі арқылы білуге болады.

Жойқын жарылыстан қаза тапқандар мен зардап шеккендер әзірге жоқ.

Қорғаныс министрлігінің өкілдері Арыстағы жарылыстарға қатысты мәлімдеме жасады.

"24 маусымда, сағат 09:20-да Түркістан облысының Арыс қаласының маңында орналасқан №44856 әскери бөлім қоймасында жарылыс болды. Қазіргі уақытта қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның себептері мен мән-жайлары анықталып жатыр. Қорғаныс министрлігінің басшылығы оқиға орнына арнайы құрылған комиссия жіберді, Қарулы Күштер жеке құрамының күші апат салдарын жою және азайту бойынша іс-шаралар ұйымдастырып жатыр", - деді Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі.