Арыстанбек Мұхамедиұлы: "Түркістанның ежелгі сәулеті қалпына келтіріледі"

0
2 054

Түркістан ежелден бері біртұтастық функциясын жоғалтқан жоқ. Бұл түркітілдес елдерді біріктірудің негізі болып табылады». Сондықтан, Түркістан Түркі әлемінің мәдени-рухани астанасы ғана емес, сонымен қатар бүкіл әлемде танымал еліміздің бренді болуы тиіс.


Арыстанбек Мұхамедиұлы:

Түркістанның ежелгі сәулеттік келбеті қалпына келтіріледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл туралы Парламент Мәжілісінде туристік саланы дамытуға арналған Үкімет сағатында Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлім етті. «Түркістан бойынша ТОП-10 туристік карта нысандары аясында жұмыстар жүргізілуде.

Елбасы айтып өткендей: «Түркістан ежелден бері біртұтастық функциясын жоғалтқан жоқ. Бұл түркітілдес елдерді біріктірудің негізі болып табылады». Осыған байланысты қаланы дамытудың сәулеттік тұжырымдамасы туристік мүдденің магниті болып табылатын Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің айналасындағы Жібек жолы дәуірінің ежелгі ұлылығының түпнұсқалық бейнелерін қалпына келтіруге бағытталған», - деді министр.

Оның сөзіне қарағанда, Түркістан Түркі әлемінің мәдени-рухани астанасы ғана емес, сонымен қатар бүкіл әлемде танымал еліміздің бренді болуы тиіс.