Балалардың мектепке алаңсыз, толыққанды баруы үшін
иллюстрациялық фото: auyltynysy.kz
ERNUR.KZ. Аудандық ауруханада қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Түркістан облысы Бәйдібек ауданыныдағы аудандық орталық аурухана аумағында «Мектепке жол» атты дәстүрлі қайырымдылық қамқорлық акциясы өтті.
Аталған акцияның негізгі мақсаты – аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептер бойынша (балалардың мектепке алаңсыз, толыққанды баруы үшін) материалдық немесе басқа да көмек көрсетуге бағытталды.
Іс-шара барысында аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Гүлдария Әбілдәбекқызы бастаған бірқатар медицина қызметкерлері орталық аурухананың кіші буын қызметкерлерінің отбасына және бүлдіршіндеріне сый-сияпат жасады.
Сондай-ақ, іс-шара соңы мерекелік концерттік бағдарламаға ұласты.