Кез келген көліктің майын ауыстырады
иллюстрациялық фото: publictopic.ru
ERNUR.KZ. «Автокөліктерге қызмет көрсету» орталығын ашқан кәсіпкер марапатталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Түркістан облысы Бәйдібек ауданынан шыққан жас кәсіпкер Ұлан Сапарбекұлы өз кәсібін 2011 жылы бастаған. Атап айтсақ, Шаян ауылында «Автокөліктерге қызмет көрсету» орталығын ашып, аудан халқына лайықты еңбек етуде. Бұл кәсіпті Шымкент қаласында көлік жөндеу орталығында жүріп меңгерген. Одан кейін туған жерінде осы істі қолға алып, кез келген автокөліктің майын ауыстыруға жағдай жасап және өз білімін көмекшілеріне үйретіп, халыққа қызмет көрсетуде.
Осы орайда Шымкент қаласы Қазақстанның педагогикалық академиясының президетті Ж.Төлебай Ұлан Сапарбекұлына «І Дәрежелі білікті басшы» атағы төсбелгісі мен бірге Қазақстанның педагогикалық академиясы кәсіпкерлік және менеджментті сараптау бөлімі атынан кәсіпкерлік саладағы жетістігі, басқарудағы біліктілігі мен жоғары ұйымдастырушылық қабілеті үшін «І Дәрежелі білікті басшы» атағын берді.
Сонымен қатар, аудандық көсіпкерлер бөлімінің басшысы Мейіржан Берікұлыжас кәсіпкерді сертификатпен марапаттады.