ERNUR.KZ. Сарыағаш ауданы №2 аудандық соты жергілкті 4 тұрғынға қатысты үкім шығарды,-деп хабарлайды ERNUR.KZ Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
фото: иллюстрациялық
ERNUR.KZ. Сарыағаш ауданы №2 аудандық соты жергілкті 4 тұрғынға қатысты үкім шығарды,-деп хабарлайды ERNUR.KZ Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Сотталушылар К., Ж., Ж., Ұ. алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы болып бұзақылық, яғни қоғамдық тәртіпті қоғамды құрметтемеу анық көрінетін, жәбірленушілерге күш қолданумен аса қатыгездікпен бұзған, қоғамдық тәртіпті бұзуға ара түскен жәбірленушінің бет тұсынан ұрып есінен тандырған және өрт қою арқылы жалпы 767 992 теңгеге айтарлықтай залал келтіріп жәбірленушілердің мүлкін, яғни шөбін өртеп қасақана жойып, ал тұрғын үйі мен автокөлігін қасақана бүлдірген"-делінген хабарамада.
Сот үкімімен сотталушылар Қазақстан Республикасы ҚК-нің 202-бабы 2-бөлігінің 1-тармағында, 293-бабы 2-бөлігінің 1,2-тармақтарында көзделген қылмыстарды жасағандары үшін кінәлі деп танылып, оларға 4 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жазасы тағайындалып, пробациялық бақылау белгіленді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.