Дархан Сатыбалды Арыс тұрғындарының талап-тілегін тыңдады

0
784


Дархан Сатыбалды Арыс тұрғындарының талап-тілегін тыңдады

Арыс қаласында өткен бірыңғай азаматтарды қабылдау күніне келген шаһар тұрғындарының басым бөлігі жеке басының уәжін жеткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түрлі түйіткілдерімен келген тұрғындар Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдыға өтініш-тілегін тікелей бетпе-бет жеткізуге мүмкіндік алды. Өңір басшысы жеке қабылдауларды тұрақты түрде өткізіп келеді. Тұрғындар көтерген мәселелердің басым бөлігі жүзеге асуда.


Арыс қаласында өткен бірыңғай азаматтарды қабылдау күніне келген шаһар тұрғындарының басым бөлігі жеке басының уәжін жеткізді. Сондай-ақ әлеуметтік, көлік, ауыл шаруашылығы мен инфрақұрылым салалары бойынша бірқатар өтініштері мен ұсыныстарын ортаға салды.


Тұрғындардың талап-тілектерін мұқият тыңдаған облыс әкімі көтерілген мәселелерге байланысты жауапты басқарма басшыларына айтылған арыз-шағымдарды назарға алып, шешуді тапсырды.


Ашық есік күніне келген барлық азамат түрлі сұрақтарымен келіп, тиісті жауаптарын алды.


Еркін пікір алмасу форматында өткен жалпы қабылдауға құқық қорғау органдарының және облыстық басқарма басшылары мен өкілдері қатысып, өтініштердің оңтайлы шешілуіне атсалысты. Қордаланған мәселелерді мұқият тыңдаған өңір басшысы тиісті сала мамандарына заң аясында шешуді тапсырды. Бұған дейін Кентау қаласы мен Отырар ауданында өткен жеке қабылдау Ордабасы ауданында жалғасын таппақ.