Дархан Сатыбалды Мәжіліс депутатымен кездесті

0
557

Кездесу барысында өңірді дамыту мәселелері талқыланды.


Дархан Сатыбалды Мәжіліс депутатымен кездесті

Дархан Сатыбалды ҚР Парламенті Мәжілісінің депутатымен кездесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ұласбек Сәдібековпен кездесті. Кездесу барысында өңірді дамыту мәселелері талқыланды.


Өңір басшысы облыста инвестиция тарту, өндіріс орындарын ашу, кәсіпкерлікті дамытуға басымдық беріліп отырғанына тоқталды.


Ұласбек Сәдібеков заң шығару саласындағы жұмыстарға тоқталып, ел үшін маңызды Заң жобалары қабылданып жатқанын атап өтті. Аймақты дамыту бағытында да бастамалар көтерілгенін айта келе өңірдегі өзгерістерден хабардар екенін жеткізді.


Кездесуде Кентау қаласын дамыту мәселесі, Түркістан қаласына ерекше мәртебе беру, жол жөндеу, руханият саласындағы түйткілдер тарқатылды. Халық қалаулысы Түлкібас ауданындағы теміржол өткелін күрделі жөндеуден өткізу, халықты тұрғын үй салатын жер учаскесімен қамтамасыз ету, Кентау мен Бәйдібек ауданын экологиялық аймаққа ендіру, өңірдегі қараусыз қалған тарихи нысандардың жай-күйі, ауруханалар мен емханалардың жөндеуден өткізу, шаруаларды алаңдатқан суармалы су жайын реттеу секілді өзекті мәселелерді тиісті министрліктерге депутаттық сауал ретінде жолдағанын жеткізді. Сондай-ақ, кеңес үкіметі кезінде Бәйдібек ауданына қарасты 7500 гектарға жуық жер Арыс қаласының аумағына беріліп кеткенін айтқан Ұласбек Сәдібеков, бұл жағдай бойынша арнайы комиссия құрылып, Бәйдібекке тиеселі жердің қайтарылуы қажеттігін сөз етті. Себебі, қазір шаруалар үшін жайылым жердің тапшылығы туындап отыр.


Кездесуде «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасына сәйкес жүзеге асып жатқан жұмыстардың барысы пысықталды.


Облыс әкімі Дархан Сатыбалды өңірден сайланған бірмандаттан депутаттардың Парламентте көтерген депутаттық сауалдарынан хабардар екенін айтып, әрбір жағдай бақылауда болатындығына тоқталды.


Айта кетейік, инвесторлар үшін Түркістан облысында бизнес климат жасалған. Облыс көлемінде 594 гектарды құрайтын 10 индустриалды аймақ және 580 гектардан тұратын арнайы экономикалық аймақтар бар. Бұл аймақтарда 49 кәсіпорын жұмыс істейді. Қосымша 39 жобаның құрылыс жұмыстары жүргізіліп, жүзеге асыру сатысында. Екіншіден, шағын өндірістік парк құрылысы жүзеге асырылуда. Өндірістік парк аумағында 42 өндірістік ғимараттар салынуда. Өндірістік парктің 1-кезеңі аяқталып, 14 ғимарат іске қосылды. Жалпы 30,7 млрд. теңгеге 10 жобаны іске қосу жоспарланып, 24,2 млрд. теңгеге 7 жоба іске қосылды.