Дархан Сатыбалды Түлкібас ауданының тұрғындарымен кездеседі

0
312

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!


Дархан Сатыбалды Түлкібас ауданының тұрғындарымен кездеседі

Түркістан облысының әкімі Дархан Амангелдіұлы Түлкібас ауданының тұрғындарымен кездеседі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» №826 Жарлығын іске асыру аясында Түркістан облысының әкімі Дархан Амангелдіұлы Сатыбалдының Түлкібас ауданының тұрғындарымен кездесуі 2024 жылғы 28 маусым сағат 11.00-де аудандық мәдениет үйінде (Т.Рысқұлов ауылы, С.Ахметов к-сі №205), жеке қабылдауы сағат 12.00-де Түлкібас ауданы әкімі аппаратының ғимаратында (Т.Рысқұлов ауылы, Т.Рысқұлов к-сі №201), өтеді.


Облыс әкімінің жеке қабылдауына жазылу үшін 8(72533) 5-98-99, 5-93-97 байланыс телефондары және «Е-өтініш» ақпаратттық жүйесі арқылы 2024 жылғы 27 маусымға дейін сағат 9.00–19.00 аралығында (түскі үзіліс сағат 13.00 - 15.00) жүргізіледі.


Тиісті мекемелердің қатысуын қамтамасыз ету және кері байланыс орнату мақсатында өтініш берушінің аты-тегі, сұрақтың мәні, мекен-жайы, байланыс телефоны және электронды пошта (бар болған жағдайда) нақты көрсетілуі қажет.