Түркістан қаласы тұрғындарының назарына!
Түркістан облысының әкімі Түркістан қаласының тұрғындарымен кездеседі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» №826 Жарлығын іске асыру аясында Түркістан облысының әкімі Сатыбалды Дархан Амангелдіұлы 2023 жылғы 28 шілдеде, сағат 16.00-де «Ақжайық» музыкалық мектебінде (Отырар м/а, №19 ғимарат) Түркістан қаласының тұрғындарымен кездеседі. Ал жеке қабылдауы сағат 17.00-де аталған ғимаратта өтетінін хабарлаймыз!
Облыс әкімінің жеке қабылдауына жазылу 8(72533)-5-98-99,5-79-83 байланыс телефоны және t.akimat@ontustik.gov.kz электронды почтасы арқылы 2023 жылғы 27 шілдеге дейін сағат 9.00–19.00 аралығында (түскі үзіліс сағат 13.00 – 15.00) жүргізіледі.
Тиісті мекемелердің қатысуын қамтамасыз ету және кері байланыс орнату мақсатында өтініш берушінің аты, тегі, сұрақтың мәні, мекен-жайы, байланыс телефоны және электронды почтасы (бар болған жағдайда) нақты көрсетілуі қажет.