Дархан Сатыбалды түркістандықтармен кездеседі

0
378

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!


Дархан Сатыбалды түркістандықтармен кездеседі

Түркістан облысының әкімі Сатыбалды Дархан Амангелдіұлы Түркістан қаласының тұрғындарымен кездеседі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» №826 Жарлығын іске асыру аясында Түркістан облысының әкімі Сатыбалды Дархан Амангелдіұлы 2024 жылы 06 маусым сағат 10:00-де «Ақжайық» музыкалық мектебінде (Отырар м/а, №19 ғимарат) Түркістан қаласының тұрғындарымен кездеседі. Ал жеке қабылдауы сағат 11:00 де Жаңа қала 9-көше «Оқушылар сарайында» өтетінін хабарлаймыз!


Облыс әкімінің жеке қабылдауына жазылу 8(72533)-5-98-99, 5-79-83 байланыс телефоны және t.akimat@ontustik.gov.kz электронды почтасы арқылы 2024 жылы 05 маусымға дейін сағат 9.00–19.00 аралығында (түскі үзіліс сағат 13.00 – 15.00) жүргізіледі.


Тиісті мекемелердің қатысуын қамтамасыз ету және кері байланыс орнату мақсатында өтініш берушінің аты, тегі, сұрақтың мәні, мекен-жайы, байланыс телефоны және электронды почтасы (бар болған жағдайда) нақты көрсетілуі қажет.