Ағымдағы жылдың 20 қыркүйегінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Ғалым Сұлтанұлы Тұрсынбаев «Нұр Отан» партиясы Сарыағаш аудандық филиалында тұрғындар арасында жеке қабылдау өткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Жеке қабылдауға Сарыағаш ауданының алдын-ала жазылған тұрғындары көкейінде жүрген сұрақтарын қойды. Сұрақтардың көпшілігі факторлы-балдық шкаланың жүзеге асуы бойынша, тәртіптік жазалар қолдану қағидалары ауданның бөлінуіне байланысты білім бөлімі әдіскерлерінің қысқарту мәселесі және мемлекеттік қызмет саласына мәселелерге қатысты болды. Ғ.Тұрсынбаев жеке қабылдауға келген азаматтардың сұрақтарына тиісті жауаптар беріп, Департаменттің қызмет бағыттары бойынша кеңес беруде үнемі дайын екенін жеткізді.
Сондай-ақ, қабылдауға келген азаматтарға «Қоғамдық бақылау картасы» әзірленгенін, карта танымал әлеуметтік желілер (Facebook, VK, Instagram және WhatsApp, Telegram +7775-8692121) арқылы ұсыныс, пікірлермен бөлісуге болатынын айтты.