​Елбасы жүлдесіне арналған облыстық VI халық спорты ойындары мәресіне жетті

0
2 116

Спортшылар волейбол, кіші футбол, үстел теннисі, қазақ күресі, гір тасын көтеру, қол күресі, тоғызқұмалақ, асық ату, президенттік көпсайыс, стрит воркаут, жағажай волейболы сынды спорттық сайыстардың он екі түрінен бақ сынады.


​Елбасы жүлдесіне арналған облыстық  VI халық спорты ойындары мәресіне жетті

Балуан Шолақ спорт кешенінде өткен «Қазақстан Республикасының

Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жүлдесіне арналған Түркістан облысы қала,
аудандардың тұрғындарынан құралған командалар арасындағы облыстық VI
Халық спорты ойындары» өз мәресіне жетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Спорттық сайыстардың басты
мақсаты – Мемлекет басшысының халыққа арнаған Жолдауынан
туындайтын еліміздегі спорттың бұқаралығын арттырумен қатар, салауатты
өмір салтын насихаттау болып табылады.
- Облыстық Халық спорты ойындарына облысымыздың он төрт қала,
аудандарынан келген мыңға жуық спортшылар қатысуда. Спортшылар атап
айтқанда волейбол, кіші футбол, үстел теннисі, қазақ күресі, гір тасын
көтеру, қол күресі, тоғызқұмалақ, асық ату, президенттік көпсайыс, стрит
воркаут, жағажай волейболы сынды спорттық сайыстардың он екі түрінен
бақ сынады. Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар іріктеліп қыркүйек
айының 21-і мен 25-і аралығында Ақтау қаласында өтетін республикалық
Халық спорты ойындарында облысымыздың намысын қорғайтын болады,-
деді Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының
бұқаралық спорт және дене шынықтыру бөлімінің басшысы
Ш.Әбдіқалықов.
28-29-тамыз аралығында өткен додада жалпы командалық есеп бойынша
түркістандық спортшылардың мерейі үстем болып, жүлдегерлер қатарынан
көрінді. Ендеше спортшыларымыздың қол жеткізген нәтиже көрсеткішін
сараласақ: стритболдан қыздар командасы 1-орын. Кіші футболдан ұлдар
командасы 2-орын. Волейболдан ұлдар командасы 1-орын, ал қыздар
командасы 3-орын. Үстел теннисінен ұлдар командасы 2-орын, қыздар
командасы 3-орын. Қазақ күресінен командалық есепте 2-орынға тұрақтады.
Жарыс қорытындысында жүлделі орын иеленген командалар мен
спортшылар кубоктар және алғыс хаттармен марапатталды.
Бөлісу