Кәсіпкер Нұралы Әбішов Арыс тұрғындарының қажеттілігіне 5 млн. теңге аударды

0
1 481

Эвакуацияланған тұрғындарды өз өнімдерімен де қамтамасыз етті.


Кәсіпкер Нұралы Әбішов Арыс тұрғындарының қажеттілігіне 5 млн. теңге аударды

ERNUR.KZ. Түркістан облыстық мәслихаттың депутаты, «Бөрте» сүт зауытының негізін салушы Нұралы Әбішов мұқтаж жандар үшін 5 млн. қаражатын аударса, эвакуацияланған тұрғындарды өз өнімдерімен қамтамасыз етуде, деп жазады aigak.kz.

Бір аймақты жалмаған апатта үй-жайсыз қалған Арыс қаласының тұрғындарына еліміздің әр өңірінен азық-түліктер әкелінуде. Бүгінде Шымкент қаласындағы екі нысанға көмек қолын созғандардың тұрмыстық заттары жиналып жатыр. Қалалық әкімдігі жанындағы көрме орталығы лық толғандықтан, қала сыртындағы сауда логистикалық орталығы да бұл мақсат үшін өз есігін айқара ашты. Тек шымкенттіктер ғана емес Қарағанды, Тараз секілді аймақтардан азық-түліктер жеткізіліп жатқандығын айтуымыз керек.

Мегаполистегі бірқатар ірі кәсіпорындар да арыстықтарға жайлы жағдай жасауға атсалысуда.